Атырау, 30 қараша 08:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жемқорлық лаңкестігі

1 897 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы лаңкестіктің алдын алуға бөлінген қаржылардың жұмсалуына қатысты облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасына тексеру жүргізді.

2011 жылы 12 ақпанда басқарма тендер қорытындысы бойынша «Шарайна-Атырау» қоғамдық бірлестігімен 1 млн теңгеден астам сомаға келісім-шарт жасаған. Бұл бірлестік халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен теріс діни ағымдардың зиянын түсіндіретін әдістемелік құралдар шығаруға міндеттелген.

– Тексеру барысында анықталғандай, қоғамдық бірлестік өз міндеттемелерін орындамаған. Сонымен қатар, халық арасында теріс діни ағымдардың әсері туралы түсіндіру жұмыстарына арналған 300 мың теңге соманы игеруі тиіс «Шахар» ҚБ да жұмыстарын орындамаған, - дейді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Мақсат ШАРИПОВ.

Бұдан басқа, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 2010-2011 жылдары ішкі саясат басқармасының жалпы сомасы 16,9 млн теңгеге тендер қорытындылары бойынша келісімшарттар жасағанын, бірақ олар бойынша жұмыстың орындалмағанын, ал бюджет қаржыларының жымқырылғанын анықтады. Ішкі саясат басқармасындағы бөлімдердің бірінің бастығына және басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 наурыз 2013, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.