Атырау, 30 қараша 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Екі жерге рұқсат берілген

1 844 просмотра

Жыл басынан бері Атырау қаржы полициясының департаменті заңсыз ойын бизнесі саласында екі қылмысты анықтады.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жетекшісінің орынбасары Қуаныш ІЗЖАНОВ мәлімдеді.Екі покерлік үстел, 967 ойын фишкалары, 82 мың теңге мөлшерінде ақшалай сома тәркіленіп алынды. Бір қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Соған сәйкес, азамат Т. 190 сағатқа қоғамдық жұмыс жасау жазасын алды. Бұдан басқа, интернет-клубтың атын жамылып «онлайн-казино» ұйымдастыру фактісі бойынша азамат П.-ға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге салсақ, ойын орындары саласындағы кәсіпкерлік қызметке тек белгіленген арнайы екі жерде – Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорт аймағы мен Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауында ғана рұқсат етілген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.