Атырау, 11 желтоқсан 14:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атырауда терроризм жасады деп айыпталғандардың соты басталды

2 306 просмотра

10 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта терроризммен байланысты қылмыстар жасады деп айыпталып отырған 16 азаматтың үстінен жабық режімде сот процесі басталды.

Сотталушылар Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандарының, сондай-ақ Атырау қаласының тұрғындары. Оларға ҚР ҚК-нің . 233-1 б. 2 т. (терроризм мен экстремизмді насихаттау), 233-2, 2 б. (террористік топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу), 233 4 т. (террористік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдар тарту немесе қаруландыру), 251 3 т. (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 252 3 т.(заңсыз қару жасау), 24 ч 1 т. (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу), 175 1 (ұрлық) баптары бойынша айып тағылды. Сотталушылардың жас ерекшеліктері – 18-ден 47 жасқа дейін.

Сот ісін қарауға 2 мемлекеттік айыптаушы, 8 адвокат, 2 аудармашы және 97 куәгер қатысуда.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың ақпан айында Атырау облысында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы бірқатар террористік актілер жасауды жоспарлаған террористік топ анықталып, жойылған еді. Оның құрамы негізінен Құрманғазы ауданы тұрғындарынан құралған еді. Топ мүшелерінің тұрғын үйлерінен екі шолақ аңшы мылтығы, қолдан жасалған жарылғыш зат бөлшектері табылып, тәркіленді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 сәуір 2013, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.