Атырау, 30 қараша 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Табанды тергелушілер

1 860 просмотра

24 сәуірде Атырау қаласының ІІБ криминалдық полициясының қызметкерлері «Пәтер» жедел-алдын алу шараларының барысында кәмелетке толмаған балалар тобын ұстады. Бір ай ішінде бұл топ қайтадан ұсталып отыр.

– Ұсталғандар – Атырау қаласының төрт тұрғыны, олардың жасы 16-17-лерде. Алғашқыда олар 26 наурызда Жұмыскерде кем дегенде жиырма шақты ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған еді, - дейді ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. – Кәмелетке толмау себебі бойынша оларға сол кезде басқа жаққа кетпеу туралы қолхат түріндегі тыйым шарасы қолданылды. Ал олар осыдан кейін тағы екі ұрлық жасады – бұл жолы Жерұйық пен Самал ықшамаудандарындағы коттедждерге ұрлыққа түскен.     

Бұл жолы да тыйым салу шарасы басқа жаққа кетпеу туралы қолхат болып отыр. Дегенмен де, ұрлық жасады деген барлық айыптар бойынша жасөспірімдер сот алдында жауап береді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 сәуір 2013, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.