Атырау, 30 қараша 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Пара үшін сотталды

2 804 просмотра

Атырау қаласы бойынша салық басқармасының қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтықпен айналысқаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленді.

Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы болып жұмыс жасай жүріп, ол жеке кәсіпкерден банктік шотын қамақтан босату және құжаттарды кедергісіз алу мәселелерін шешіп беру үшін 70 мың теңге алады. Қызметкер әйел өткен жылы ұсталған болатын («ЖС», 14.11.12 ж., №46, «Пара үшін айыпталды» мақаласын қараңыз). Тергеуді Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті жүргізді.

- Атырау қалалық №2 сотының кесімімен ол ҚР ҚК 177-бабы, 3-бөлігінің «г» тармағы бойынша (қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтық жасау) кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қоса 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деді жергілікті қаржы полициясының баспасөз қызметі. Жазаның орындалуы баласының 14 жасқа келуіне дейін шегерілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.