Атырау, 13 желтоқсан 22:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Басбұзарлар әшкереленді

2 573 просмотра

Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде облыстық ІІД бастығының орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВ жергілікті БАҚ-тармен кездесіп, Атырауда ағымдағы жылдың наурызында жасалған екі қарақшылық шабуыл қылмысының ашылғанын әңгімеледі.

Естеріңізге салсақ, 5 наурызда таңғы сағат үште белгісіз біреулер Химпоселкедегі №7 мектепке басып кіріп, күзетші әйел мен оның күйеуін ұрып-соғып, байлап тастаған еді (олар кейін дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды).

Содан кейін қылмыскерлер директордың кабинетіндегі және бастапқы әскери дайындық кабинетіндегі сейфтерді сүйменмен бұзып ашып, 1963 жылы шығарылған оқу-жаттығуға қолданылатын Калашников автоматын, автоматтың ағаш нақпішінін, зақым келтіретін екі «Байкал» винтовкасын, 30 автоматтық гильза мен патрондардың 400 пистондарын ұрлап кеткен. Шамасы, қорыққан болулары керек, ұрланған нәрселердің барлығын олар кейін мектеп маңына лақтырып кеткен.

31 наурызда Химпоселкеде осы іске қатысты алғашқы күдікті ұсталды. Аян Дүйсембаевтың айтуынша, сейфтерді ішімдік ішіп алған бұзақылар тобы бұзып ашқан. Қарақшылық шабуылға қатысқан екі басқа қатысушылардың жеке басы анықталды. Үшеуінің жасы – 19-25 жас аралығында. Олар Химпоселкеде тұрмайды, бірақ олардың біреуі аталмыш мектепте оқыған.

Басқа қарақшылық шабуыл 16 наурызда шамамен сағат 18-де «Дина» базарының құрылыс бөлімінде орын алған. Бетперде киген біреу қарақалпақстандық сатушының басына зақым келтіретін тапаншаны тақап, 200 мың теңге мөлшеріндегі сауда түсімін алып кеткен. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Авангардта бұрын ұрлық жасап, тонағаны үшін сотталған Мақаттың 29 жастағы тұрғыны ұсталыпты. Тінту кезінде оның пәтерінен зақым келтіретін тапанша табылған. Ұсталушы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі боп табылады. А. Дүйсембаевтың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 11 қарақшылық шабуыл жасалып, оның 10-ы ашылыпты. Тек Огородный көшесінің бойындағы қарақшылық шабуыл ғана ашылмай қалған. Тергеу мүддесі үшін осы іс бойынша ақпарат жария етілмейді. Барлық ауыр қылмыстарды ашу облыстық ІІД бастығы Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВТІҢ бақылауына алынған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 сәуір 2013, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.