«АтырауҚаржыСервис» ЖШС-нің директоры 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
- 2010 жылдың 15 қазаны мен 2011 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ол декларацияға шығындар туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, осылайша 97 млн теңге сомасында салықты және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған, - деп түсінік береді Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Атырау қалалық №2 сотының шешімімен «АтырауҚаржыСервис» ЖШС директоры А. Чайкин ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 3-тармағы (аса ірі мөлшердегі ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА