6 сәуірде сағат 22.30 шамасында әуежай тас жолында 8 жасөспірім мінген BMV X-3 көлігі аударылды.
- Авангардта тұратын 15 жасар жасөспірім оңтайлы сәтін тауып, анасының көлігіне рұқсатсыз отырады. Қаладан әуежай жаққа бағыт алған жасөспірім көлікке ие бола алмай, джип аударылып түседі, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Көлік салонында 1998-99 жылы туылған 8 жасөспірім болған.
Екі жолаушы жасөспірім қыз облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 жасөспірім, соның ішінде, жүргізуші ауруханадан қажетті медициналық көмек алған соң, үйлеріне жіберілді.
ІІД анықтау басқармасының қызметкерлері тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Анасының көлігін пайдаланған жасөспірім, және оның ата-анасы жазасын алатыны-алмайтыны белгісіз.
- Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалмайтын шығар, бұл көлік ұрлау емес қой, - деп тұжырым жасады Г. Мұхтарова.
Тамара СУХОМЛИНОВА