Атырау, 11 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қиғаштағы қос өлім (толықтырылды)

3 221 просмотра

4 сәуірде 11 сағат 30 минутта Құрманғазы аудандық ІІБ-не Қиғаш селосындағы үйлердің бірінен 50 жастағы кәсіпкер әйел мен аудандағы кәсіпорындардың бірінде оператор боп жұмыс жасаған оның 50 жастағы жұбайының мүрделері табылғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобының қызметкерлері жеткен кезде, қос кісі өлімі оқиғасы расталды. Құрбандардың аяқ-қолдары скотчпен оралып, беттерінде салынған жарақаттар мен қанталаған іздер болған. Сараптама тағайындалды.

Қос өлімді тергеу үшін облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Аян Дүйсембаев басшылық еткен тәжірибелі қызметкерлер тобы құрылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай,  Құрманғазы ауданының Қиғаш селосында 4 сәуірге қараған түні ерлі-зайыптыларды өлтірді деп күдіктелгендер ұсталған.

Күдіктілердің бірін 6 сәуірге қараған түні Мақат поселкесінен, екіншісін – сол уақытта Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданынан ұстаған. Ұсталушының екеуі де Мақат поселкесінің 46 жастағы тұрғындары. Бірі Ресей аумағында кісі өлтіргендігі және Қазақстандағы қарақшылығы үшін сотталып, өткен жылы бостандыққа шыққан. Екіншісі бұрын бұзақылығы үшін сотталған. Ұсталушылардан марқұмдарға тиесілі заттар – ұялы телефон мен алтын алқа тәркіленіп алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 сәуір 2013, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.