Атырау, 14 қараша 12:24
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Балабақша кезегіне интернет арқылы жазылуға мүмкіндік тумақ

Қазақстан халқы енді электрондық үкімет порталы арқылы өз балаларын балабақша кезегіне жазып, сауда нүктелерін ашуға рұқсат ала алатын болады. «Новости Казахстан» ақпарат агенттігі хабарлағандай, ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, www.e-gov.kz cайтының («е-үкімет») шеңберінде «е-акимат» атты жаңа жоба жұмыс істемек. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 920 просмотра
Қаңғыбас иттер өріп жүр Басқа жаңалықтар

Қаңғыбас иттер өріп жүр

Қала тұрғындары соңғы кезде қаңғыбас иттердің қаптап кеткеніне алаңдаулы. Олар көшеде өріп жүрген бұралқы иттер балаларымызды қауып алып жүрмесе еді деп қор-қады. Халықтың алаңдайтын жөні бар. Өйткені, іргедегі Орал өңірінде мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. 16 желтоқсан 2010, 00:00 11 093 просмотра
Қоғам сурдоаудармашыларға зәру Қоғам

Қоғам сурдоаудармашыларға зәру

Бүгінде Атыраудағы қазақ саңыраулар қоға-мына сурдоаудармашылар мамандары ауадай қажет болып отыр. Ондағы жүзден астам құлағы мүкіс адамдар бір-бірінің ым-жымын түсінгенімен, қоғам басшыларының сөзін әрең ұғысады. Мұнда құлағы естімейтіндерден бөлек, жалпы қоғамның шаруашылық жұмыстарын атқарып отырған елу қызметкер бар. Ымдау мамандарының тапшылығын олар да едәуір сезініп отыр. Қоғам мүшелерімен түсінісу мүлдем мүмкін болмаған жағдайда олар сөздерін қағазға жазып жеткізуге мәжбүр. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 860 просмотра
Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі Мәдениет

Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі

Қарашаның 9-ы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар мен «Шрек», «Жұлдызды жауынгерлер» («Звездные воины»), «Сәттілік серілері» («Джентльмены удачи») фильмдері кейіпкерлерінің елу мүсіні қойылды. Петербургтың балауыз мүсіндер көрмесі Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, қазір-ақ сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 16 440 просмотра
Жастар Инаматқа жанашырлық танытты Мәдениет

Жастар Инаматқа жанашырлық танытты

Желтоқсанның 14-і күні Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен құралған «Позитив» КВН командасы «Өмірге үміт сыйлайық!!!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Осы концерттен түсетін ақша ауыр науқастанып жатқан 9 жасар Инамат Нұғымановтың емделуіне жұмсалмақ. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 541 просмотра
«Жеке тұлғалар «Жайық Балықтың» акционерлері бола алмайды» Экономика

«Жеке тұлғалар «Жайық Балықтың» акционерлері бола алмайды»

1 қаңтардан бастап елімізде бекіре тұқымдас балықтарды, қара уылдырықты аулауға, өңдеуге және сатуға мемлекеттік монополия күшіне енеді. Дегенмен, жұртшылық көкейінде біраз сауалдар қалды, оның ішінде көпшілік үшін  «Атырау-балық» АҚ-мын ұлттық меншікке айналдырудың  барлық үрдістері жұмбақ күйінде қалып отыр. Олардың кейбіреуін біз жазбаша түрде Атырау облысының әкімінің ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары Серік Айдарбековке жолдадық. Сол сауалдарға алған жауаптарымыз мынадай болды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 956 просмотра
Қоғам

Жанжалға әзірге телефондар жәрдем

Әйелдерге күш көрсетуге қарсы бүкіл әлемдік науқан шымылдығынан кезекті бір жолы әлдебір Киркоров дегеннің шалынып қалғаны бар. Десек те, әйелдерге күш көрсететін біздің өз жанжалқойларымыз бен басқа да лайықсыз тұлғаларымыз жетерлік. Өткен аптаның ішінде полицейлер бұл науқанның Атырау облысында қорытындысын шығарып, нәтижелерін жариялады. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 425 просмотра
Қоғам

Жаңылдырған жол белгілері

Өтіп бара жатқан жыл жаңа көпірлердің, жол түйіндерінің салынуымен, сондай-ақ өмірі төселмеген жерлерді жаппай асфальттау жұмыстарымен есте қалмақ. Дегенмен де, осынау артықшылықтар атыраулық жүргізушілер үшін де көптеген проблемалар туындатқан еді. Оқырмандарымыздың бірі мынадай жағдайды бастан өткерген екен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 6 602 просмотра
Авангардтағы ХҚО мекен-жайын өзгертті Басқа жаңалықтар

Авангардтағы ХҚО мекен-жайын өзгертті

3 желтоқсанда Авангардтағы ХҚО (халыққа қызмет көрсету орталығы) Сәтбаев даңғылы 23-ші үйдегі өз филиалының ғимаратына салтанатты түрде көшіп барды. Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ «бұрынғы жаңа» ХҚО-ғын ашуға келу қарсаңына музыканттар, қызыл кілем, лента байланған бағандар мен ұлттық киім киген қыздар дайын болып тұрды. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 624 просмотра
Экономика

ТШО-ға қарсы көтерілген іс жабылмақ

Жаз ортасында басталған ТШО-ға қарсы қылмыстық істі тергеу тоқтатылды. Бұған қатысты компания тиесілі тереңдікте бұрғыламаған, осылайша ол 200 миллиард теңгеден астам заңсыз ақша иеленген деп мәлімделген болатын. 15 желтоқсан 2010, 00:00 5 231 просмотра
«Әзірге жүйткіп тұр» Қоғам

«Әзірге жүйткіп тұр»

Жергілікті фермерлер қазақстандық «СемАЗ» машина жасау кәсіпорыны жинақтаған «Беларусь» тракторының партиясын алды. Техникалар «Қазагрофинанс» желісі бойынша лизингке алынды. Фермерлердің айтуынша, отандық кәсіпорында жасалған трактор құнына қарамастан Беларусь тракторынан айырмасы жоқ. Техниканы лизингке алу олар үшін өте тиімді екен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 984 просмотра
Басқа жаңалықтар

Облыстық газеттердің редакторлары ауысты

Шигаев Виктор Михайлович «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы қызметінен зейнеткерлікке шығуына байланысты босатылды. Оның орнына бұрын «Комсомольская правда – Казахстан» газетінің бас редакторының орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ Ринат Михайлович тағайындалды 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 634 просмотра
Қоғам

Бізде атауы жоқ 700-дей көше бар

Облыстық әкімдікте жылжымайтын мүлікті мекен-жай бойынша тіркеу мәселелері жөнінде кеңес болып өтті. Мекен-жай бойынша тіркеу «электронды үкімет» жүйесі үшін қажет. Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Айдос ДӘУКІШЕВТІҢ айтуынша, атаусыз біршама нысандар анықталған. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 863 просмотра
Қазақшаңыз қалай? Мәдениет

Қазақшаңыз қалай?

Қазақ тілін үйрену керек деп бәрі айтады. Тіпті оны айтып келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Қазақ тілі туралы заң қабылданып, қазақ тілін дамытуға арналған 2001-2010 аралығындағы он жылдық бағдарлама да аяқталды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Неге? Өткен аптада «Мен қазақша білемін!» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен байқау осы сауалға табылған жауап тәрізді. 15 желтоқсан 2010, 00:00 8 909 просмотра
Оқиға

Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді

Кеше қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сол аралықта молдавиялық бизнесмен Сергей КОРНЕГРУЦАНЫҢ жанжалды түрде «түрмеден қашуы» жөнінде кейбір жайттар белгілі болды. 10 желтоқсан 2010, 00:00 3 770 просмотра
Департамент бастығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды Оқиға

Департамент бастығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сотталушы Сергей Корнегруцаның түрмеден қашу ісін егжей-тегжейлі тергеу ісі жалғасуда («АЖ» № 44, «Прокурорға қашқынның «сыңарын» көрсеткен» жарияланымын қараңыз). Дүйсенбі күні тағы бір тұлға – Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВ  қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 9 желтоқсан 2010, 00:00 5 682 просмотра
«Қария» бозбаланың қасіреті Қоғам

«Қария» бозбаланың қасіреті

«Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмас. Ауыр науқасты бала туралы мақалалар мен бейнесюжеттер жарияланғаннан кейін, оған көпшілік көмек қолын созуға үн қосқан еді. Атап айтқанда, жергілікті билік қаладан пәтер бөліп, ал медицина шенеуніктері ол кәмелеттік жасқа толған соң пластикалық операциясын төлеуге уәде берген болатын. Енді ол бала бозбалаға айналды. Сол кезде берілген уәделер оның әлі есінде. Алайда оларды берген адамдар бұл уәделерді, өкінішке орай, ұмытып та кетті... 9 желтоқсан 2010, 00:00 6 285 просмотра
Назар аударыңыз, онлайн-конференция! Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

23 желтоқсанда сағат 15.00 мен 17.00 аралығында «Ақ Жайық» газетінің www.azh.kz форумында Жылыой ауданы әкімі Рахметолла НҰҒЫМАНОВ және Қызылқоға ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВПЕН онлайн-конференция өтеді. Аудан жөніндегі және басқа да сумен қамту, газ жүргізу, т.б. маңызды сауалдарыңызды editors@azh.kz, l.suleymenova@azh.kz электронды пошталарына немесе 27-23-68 телефоны бойынша (Лаура Сүлейменоваға) жолдауларыңызға болады. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 384 просмотра
Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе? Қоғам

Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе?

Жетім балалар тәрбиешінің қол жұмсайтындығын жария еткен бейнежазба еліміздің барлық телеарналарынан көрсетілген болатын. Естеріңізге салсақ, оның көрсетілімінен соң жақында облыстық прокуратура алқасы өз жұмысын бастады («ЖС» №46, «Жетімге жібімеген қандай жүрек?»). Осы кезде балалар үйінің директоры мұның бақылаушы орган тарапынан бұрмаланғандығы жайлы мәлімдеді. 9 желтоқсан 2010, 00:00 4 775 просмотра