Облыстық тарихи-өлкетану музейі жәдіргерлерінің арасында теріден жасалған қазақтың ұлттық ыдыстары маңызды орын алады.
-Қазақстанда тері өңдеу сонау көне замандарда пайда болған және ХХ ғасырдың басына дейін сақталған. Тері илейтін шеберлер қазір де бар, алайда, олардың кәсібі қазір сыйлықтар дайындау бағытында ғана дамып отыр. Ал, бұрынғы көшпелі қазақ тұрмысын тері ыдыстарсыз көзге елестету де қиын, - дейді музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА. – Мәселен, мына өрнектелген кесе қапқа қараңыз. Бұл - көшу кезінде кеселерді тасуға арналған арнайы дорба. Дорбаның ер-тұрманға бекітуге арналған арнайы бауы бар. Бұл экспонатты музейімізге 1979 жылы Қазақстанның орталық мемлекеттік музейі сыйға тартты.
Ат үстінде жүргенде қымыз, шұбат немесе жәй ғана су құйып алатын торсықты дайындау үшін қолөнершілер ең жақсы теріні пайдаланған. Бұйымдағы нәзік ұлттық өю өрнектелген екі ағаш тақтайдың арасына бастыру арқылы салынған. Ыдыстың торсықтығына ішіне ылғал құм құю арқылы қол жеткізген.
- Ата-бабаларымыздың бәрін ойластырып қоятынына таңданбасқа болмайды! Торсықтың екі жағындағы иір құлақтары жәй ғана «дизайнерлік шешім» емес, бұл құлақшаларда қымыздың немесе басқа ашыған сүт өнімдерінің қалдықтары қалады және оны келесі толтырғанда ашытқының орнына қолданады, - дейді О.Әлжанова.
Міне – қымыз, шұбат дайындап, сақтауға арналған саба. Ұзын мойны, сұйықтықты былғауға арналған ағаш піскегі болады. Піскектің сабын ойып салған өрнектермен, күміспен және сүйекпен көркемдейді. Саба сыз тартып немесе кеуіп кетпес үшін оған арнайы сабаяқ жасайды.
Ең үлкен сабалар 100 литрге дейін жеткен.
Мұражайға қойылған торсықты 2002 жылы С. Иманбаев жасап, музей қорына тапсырған. Сабаны шебер Е. Арыстанов жылқы терісінен жасаған. Музей қорында тұрмыстық жағдайларда пайдаланылған көне торсықтар да бар. Оларды К. Баймұқашева, К. Айыпқалиев, Н. Дәуренбекова және А. Отаралиев сыйға тартты.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор