Атырау, 5 маусым 19:12
 дождьВ Атырау +28.3
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Атырауда ауыр жарақат алған жұмысшы сотта жеңіске жетті

84 рет қаралды

Өндірісте ауыр жарақат алған «РТИ‑АМӨЗ» ЖШС қызметкері комиссия шешіміне қарсы шықты. Комиссия оның кінәсін 70%, ал жұмыс берушінікі 30% деп көрсеткен еді.

Атырау облысының мамандандырылған әкімшілік соты жұмысшы Мейрамбек Ғалымжанның талабын қарады. Ол 2023 жылдың қаңтарынан компанияда жұмыс істеген, ал 2024 жылдың тамызында пойыз құрастырушы болып ауыстырылған.

2025 жылдың 17 қаңтарында таңғы 04:42-де маневрлік жұмыстар кезінде ол вагон мен локомотивтің ортасында қысылып қалған. Нәтижесінде ауыр жарақат алды: оң қолының бірнеше саусағы кесіліп, қол-аяқ сүйектері сынған.

Оқиғадан кейін Атырау облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаменті арнайы комиссия құрды. Оның қорытындысына сәйкес, жұмыс берушінің кінәсі 30%, ал жарақат алған жұмысшының кінәсі 70% деп көрсетілді.

Бірақ Мейрамбек мұнымен келіспей, сотқа жүгінді. Ол өз міндетін атқарып, басшылардың тапсырмасын орындағанын айтты.

Тергеу материалдары мен куәгерлердің сөзіне сүйенген сот оқиға болған жерде қауіпсіздік талаптары бұзылғанын анықтады. Локомотив рұқсат етілген шекарадан тыс тұрған, ал 17 вагонға арналған жолға 25 вагон қойылған. Бұл жағдай қауіпті ахуал туғызған.

Сот жұмыс берушінің маневрлік жұмыстарды қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей етіп ұйымдастыруға міндетті екенін атап өтті. Ал жұмысшының өрескел абайсыздық танытты деген айыбы дәлелденген жоқ.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісінің 6.2-тармағын заңсыз деп таныды және жауапкершілікті қайта бөлуді міндеттеді.

Енді жұмыс беруші — «РТИ‑АМӨЗ» ЖШС толық кінәлі деп танылды (100%), ал жұмысшы Мейрамбек Ғалымжанның кінәсі — 0%.

Сонымен қатар, сот талапкердің пайдасына өкілдер қызметіне кеткен шығынды өтеу үшін 350 мың теңге өндіріп берді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.