Алматы тұрғыны Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін 7 жылға сотталды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сот үкіміне сәйкес Алматы тұрғыны Кәміл Абдуллин ҚР ҚК 233-2-бабының 2-тармағы (лаңкестік топты құру, басқару, қатысу), 233-1-бабының 2-тармағы бойынша (лаңкестік пен экстремизмге ашықтан-ашық үндеу), 164-бабының 2-тармағы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, діни тұрғыдан араздық тудыру) кінәлі деп табылып, оған жалпы режимдегі колонияда 7 жыл көлемінде жаза кесілді.
Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы бірнеше жайтты көлденең тартты.
2013 жылдың мамыр айының соңында Кәміл Абдуллин Сириядағы жиһадқа қатысқан. 2013 жылдың 1 маусымында Түрік-Сирия шекарасындағы Алеппо қаласындағы белсенді қарулы қақтығыстарға қатысқан. «Абузар» лақап атын жамылған ол «Ескі Түркістан» моноұлттық лаңкестік топтың құрамына жұмыс істеген. Осы жерде жүріп әскери дайындықтан өтіп, қаруды қалай қолдануға машықтанған.
Прокурорлардың айтуынша, аталған радикалды топтың мүшесі бола жүріп, ол жоғарыда өзіне тағылған қылмыстардың бәрін жасаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы 15 тәуліктің ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.