Атырау, 25 қараша 06:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан 2030 жылға қарай мұнай мен конденсат өндірісін 112 млн. тоннаға дейін арттыруды көздеуде

1 928 просмотра

Қазақстан 2030 жылға қарай мұнай мен конденсат өндірісін 112 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлар отыр, деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

"2030 жылы  мұнай мен конденсат өндірісінің жалпы көлемі шамамен 112 млн. тоннаны құрауы тиіс. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 81,8 млн. тонна болған еді", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, 2040-2050 жылдары мұнай мен газға әлемдегі сұраныстың деңгейі төмендемейді. Сондықтан болашақта көп жылдарға дейін мұнай мен газ нарықта сұранысқа ие бола береді. Жалпы, Қазақстан қазіргі таңда мұнай қоры бойынша әлемде 12-орында, ал газ қоры бойынша 20-орында тұр.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
27 мамыр 2014, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.