Атырау, 24 қараша 12:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин Украинада әскери операцияны тоқтатуды талап етті

2 545 просмотра
Ресей президенті Владимир Путин ресейшіл сепаратистердің Донецкіде ондаған адамы қаза тапқан ұрыстан соң Украинаның шығысындағы әскери операциялардың дереу тоқтатылуын талап етті.

27 мамыр күні Украина ішкі істер министрі сепаратистерден босатылған Донецкінің халықаралық әуежайын бақылауына алғанын хабарлаған. Әуежайда болған операцияда қаза тапқандардың нақты саны туралы ресми мәлімет әзірге белгісіз. Сепаратистер қаза тапқандар саны 30-дан 120 адамға дейін жетуі мүмкін дейді. Донецк мэрі 40 адамның, оның ішінде екі бейбіт тұрғын мен 38 сепаратистің қаза тапқанын айтады.

Аваковтың айтуынша, украин әскері шығынға ұшырамаған.

Украинадағы кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Петр Порошенко шиеленісті шешу үшін Мәскеумен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін мәлімдеген. Бірақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Кремль Порошенконың Ресейге сапарын "қарастырып отырмағанын" айтқан.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
28 мамыр 2014, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.