Атырау, 27 қараша 04:41
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әлеуметтік желіде барсың ба?

1 470 просмотра

HeadHunter зерттеу қызметі қазақстандық 100 компанияның басшыларына жұмысқа қабылдар кезде жаңа келген қызметкердің әлеуметтік желілердегі мәртебесін ескересіз бе деген сұраққа қатысты сауалнама жүргізді.

Сөйтсек, жұмыс берушілердің жартысынан көбі (56%) осы жайтты ескереді екен. Олар жаңа қызметкер өз парақшасында агрессиялы немесе ашық сипаттағы посттар мен фотосуреттерге жол бермеуі тиіс, кәсіби тақырыптағы немесе жұмыс орнына тікелей байланысты жарияланымдарға көңіл бөлген жөн деп есептейді. Қалғандары «әлеуметтік желілер – пайдаланушының жеке кеңістігі, оған қалай билік ететіндігін оның өзі шешеді» деп жауап берген.

«HeadHunter Қазақстан» компаниясының маркетинг және PR жөніндегі директоры Әсел БЕЖЕНОВАмынаны атап өтті: әлеуметтік желілердің біздің өмірімізбен сабақтасып кеткені сондай, бүгінде ол тек көңіл көтеріп, тілдесу үшін ғана емес, кәсіби байланыстар мен бизнес бойынша серіктестер табу үшін де қолданылады. Жұмыс берушілердің көпшілігі өз қарамағындағылардан осы бағытта әлеуметтік желілерде белсенділік танытуын талап етеді екен.

ДайындағанТамара СУХОМЛИНОВА

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.