Атырау, 1 қаңтар 17:10
 бұлттыВ Атырау -6
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Атырауда жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты

Сурет
94 рет қаралды

Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі 25 жаңа санитарлық көлікпен толықты. Бұл көліктер «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік жауапкершілік аясында табысталды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, компания басшылығына алғысын білдірді. — Жаңа жыл қарсаңында маңызды әлеуметтік бастама жүзеге асырылып отыр. Бұл халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы үш посты бар заманауи жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталады, — деді әкім.

Жаңа автокөліктердің ішінде JAC базасындағы «А» санатты 10 санитарлық көлік және GAZelle Next базасындағы «В» санатты 15 көлік бар. Барлығы алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған.

Қазір облыста тәулік бойы 48 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның ішінде бір реанимациялық-интенсивті, бір педиатриялық және 46 фельдшерлік бригада бар. 2025 жылдың 11 айында «103» қызметіне 329 мыңнан астам шақырту түсіп, 299 мыңнан астам науқасқа көмек көрсетілген.

Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.