Атырау, 27 қараша 04:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Сіздерде Ресейге қарағанда бәрі жеңіл»

1 694 просмотра

Қазақстанда «мұнай» саласынан тыс бос кеңістіктер көп екендігіне Атырауға «Самұрық» жергілікті жастар кәсіпкерлігі лигасының шақыртуы бойынша келген ресейлік жас бизнесмендер сенімді.

22 жастағы мәскеулік Дмитрий ГРИГОРЬЕВ (суретте) - «Вита Бриз» компаниясының бас директоры, 24 жастағы Стерлитамактан келген Влас БАБИНЕЦТІҢ –  шағын несиелеу мекемесі бар. Дмитрий бизнеспен табысты айналысу үшін адамның кәсіпкерлік қабілеті болуы тиісті екендігіне сенімді:

Мен өзімнің франшизамды жасақтадым, оны табысты сатудамын. Сатып алушылар арасында алғыр жігіттер бар, олардың еш ойға салусыз-ақ ілгері қозғалатындығы көрініп тұр. Бірақ маған қоңырау шалмаса, постерді ауыстырмайтындар да бар. Кейбіреуінен мен бірден бас тартамын, өйткені оларды әлдилеп жүру керектігін көремін. Олар франшизаны сатып алғанда, бизнес-тренерге әрі күтушіге қол жеткіздік деп ойлайды.

Жігіттер Қазақстандағы бизнес жүргізудің жеңілдетілген тәртібіне және Ресей үшін қазіргі тексеру мораторийі секілді ақылға қонымсыз нәрсеге қайран қалды.

– Сіздерде бәрі анағұрлым жеңіл. Біз машинаға сақтандыру рәсімін жасауға шыққан едік, оны жеке үйдің ауласында жасадық. Ал бізде біршама санитарлық нормалар мен ГОСТ-тарды сақтау керек, олардың көпшілігі ескіріп кеткен және бір-біріне қарама-қайшы келеді.

Қазақстандағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың түрлі бағдарламаларының көптігіне меймандардың көзқарасы екі жақты. Бір жағынан, олар айтқандай, «бұл керемет», екінші жағынан – қабілетті жандардың өздеріне жол ашуға жігерлері жетеді, ал мұндай бағдарламалар «асыраудағы жандарды» көбейтуі мүмкін деп есептейді.

Жергілікті бизнесмендермен кездесу кезінде Дмитрий мен Влас өздерінің венчурлық инвестициялау тәжірибелері туралы әңгімеледі. Ресейде бүгінде шағын несиелеу мекемелерінің европалық форматы кең тараған. Компаниялар кепілсіз қысқа мерзімге – яғни, халыққа немесе бизнесмендерге қысқа мерзімге, әрі кеткенде екі аптаға пайызбен жалақыға дейін деп аталатын қарыз береді. Өз кезегінде мекеменің өзі осы ақшаларды басқа адамдар мен компаниялардан алады. Бизнесте компанияның саясатына ықпал етуі мүмкін ірі инвесторлар болмас үшін, көп адамдардан азғана соманы тарту өте маңызды. Бұл қалай жұмыс істейді?  Инвесторлар нарықта компанияларды мейлінше ілгерілетеді, өйткені оның жетістігі – оған салынған қаржылардың қайтарылуы.

– Бұл бағыт ТМД-да әлі дамымаған. Біз алғашқы ізашарлармыз. Бұл өз қаржыңнан қаржы салуды талап етпейтін бизнес. «Арзан қарыздарды» тарту қысқа мерзім ішінде капиталды бірнеше есе көбейтуге мүмкіндік береді, - дейді В. Бабинец.

Ресейлік кәсіпкерлер жергілікті әріптестерімен іскерлік серіктестікті дамытуға ниетті. Олардың айтуларынша, бізде әлі де игерілмеген нарық көп екен. Мәселен, IT-технологиялар, интернет-бизнес, тағам жеткізу, «хостел» түріндегі арзан мейманханаларды ашу және «мұнайға еш қатысы жоқ» көптеген нәрселер бар.

Айтпақшы, IT-технологиялар туралы. «Самұрық» жас кәсіпкерлер лигасы «Стартап Атырау-2013»жобасының жеңімпаздарының бірі – Android жәнеIOSбазасында ұялы телефондарға арналған қосымшалары бар өз ұсынысымен 3-орын алған Bizmoкомандасына қолдау көрсетті. Өйткені, бүгінде тауарды іздеу кезінде түрлі сайттардың ақпараттарын пайдалануға тура келеді, ал Bizmo командасы жасақтаған қосымша ықтимал клиенттер мен жеткізушілер базасы бар көппрофильді бизнес-каталог принципі бойынша жұмыс істейді. Пайдаланушы өзін қызықтырған ұсынысты басады, онлайнда байланыс деректерімен алмасады, содан кейін тараптар хабарласып, серіктестік мәселесін талқылай алады.

Бұл жобаны жаңа кәсіпорынға қаржы салуға әзір бизнесмендер қолдағаннан кейін, бұл жобаны американдық және қазақстандық бағдарламашылар қолға алды. Bizmo командасының басқа ұялы қосымшалар секілді еркін қолдануға болатын қосымшасын биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосу жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.