Атырау облысы әкімінің шешімімен алғаш рет облыстық ветеринария басқармасы құрылды.
Осындай басқармалар еліміздің барлық өңірлеріндегі облыстық әкімдіктерде құрылады. Құзыреттіліктері - вакцинациялау, идентификация, өлген және ауру малды жою, індет болған жағдайда өтемақы төлеу. Жаңа басқарманы бұрын ҚР ауылшаруашылық министрлігінің аумақтық ветеринарлық қадағалау инспекциясында бөлім бастығы болған 54 жастағы Нұролла СӘТЕНОВ басқарады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ