Атырау, 21 желтоқсан 13:21
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Астананы бағындырған Жанель

1 835 просмотра

Астанада «Алау» мұз сарайында мәнерлеп сырғанау бойынша өткен елорданың ашық біріншілігінде 5 жасар атыраулық Жанель БЕРІКОВА (суретте) 1-орынды жеңіп алды.

Бұл - Жанельдің алғашқы жарысы, алғашқы жеңісі. Жанель балабақшаға барады, мәнерлеп сырғанаумен ол былтырдан бері ғана әуестеніп жүр. Жанель Қостанай, Астана, Павлодар, Өскемен, Алматыдан келген өзінің санатындағы 20-ға тарта қатысушыларды басып озып, жеңіске жетті. Жаттықтырушысы Лаура ТАУМАНОВА Жанельдің сырғанау техникасы қазылар алқасының мүшелеріне ерекше ұнағанын айтады. 

- Жанельдің секіруі де, айналуы да сәтті әрі әдемі шықты. Өзіміз де жақсылап тұрып дайындалдық. Кішкентай болғасын қатты қобалжыды, бірақ артынан ештеңе білдірткен жоқ, өзін қолға алып, ерікті бағдарламаны орындап шықты, - дейді Л.Тауманова. – Бір жыл бұрын ата-аналары қызын маған алып келген кезде мен оның таланты барын бірден аңғардым.

Ал, Жанельдің анасыЖанар Атыраудағы Х.Доспанова атындағы мұз сарайында мәнерлеп сырғанауға қарағанда хоккейге көп мән берілетінін айтады:

- Мұз сарайында мәнерлеп сырғанауға аптасына үш рет дайындалуға уақыт беріледі, бұл аз. Хоккейшілер аптасына алты рет жаттығады. Мәнерлеп сырғанау үйірмесіне неге тағы уақыт қоспасқа? Біз қосымша сағат үшін үстіне ақша төлеп отыруға мәжбүрміз.

Айнұр САПАРОВА

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.