Атырау, 2 маусым 21:24
 дождьВ Атырау +14.4
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Әр үйге - қауіпсіз тамақ

2 795 рет қаралды

27 мамыр күні «Көктем» базарының азық-түлік павильонында облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың қолдауымен Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы «Әр үйге – қауіпсіз тамақ» акциясын өткізді.

Зертханашылар экспресс-анализаторлардың көмегімен санаулы уақытта ерте пісетін көкөністер мен жеміс-жидектердегі нитраттар құрамына, сондай-ақ, сүт өнімдерінің жалғандығына, ет өнімдерінің балғындығына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасады. Бұл күні ешқандай бұзылушылықтар тіркелмеді.

Қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқарма-сының бас маманы Эльвира ОМАШЕВАНЫҢ айтуынша, осындай акцияларды азық-түлік сату орындарында, соның ішінде супермаркеттерде тұрақты ұйымдастыру жоспарлануда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.