Атырау, 24 қараша 12:58
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Ауғанстанда 9800 әскери қызметкерін қалдырмақ

1 744 просмотра
АҚШ Президенті Барак Обама жыл соңында Ауғанстандағы әскери миссия аяқталғаннан кейін елде 9800 американдық әскери қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC орыс қызметі.

Жоспарға сәйкес, АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаруды жалғастырып жатыр. 2016 жылдан бастап елде америкалық әскердің тек азғантай бөлігі қалады. Олар АҚШ елшілігін күзетіп, Ауғанстан әскерін жаттықтыруға және лаңкестікке қарсы операцияларға дайндық жүргізуге көмектеседі деп жоспарлануда.

Жоспардың жүзеге асуы Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзай құптамай отырған елдер арасындағы қауіпсіздік келісіміне тікелей байланысты.

Дегенмен, Обама әкімшілігі Ауғанстан президенті сайлауының екінші кезеңіне шығатын қос кандидат та келісімге қол қоюға қарсы болмайтынына сенімді.

«Биыл біз Америка тарихындағы ең ұзақ соғысты аяқтаймыз», - деп мәлімдеді Барак Обама.

Дереккөз: bnews.kz

28 мамыр 2014, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.