Атырау, 23 ақпан 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Барлық жаңалық

Жолақы 50 теңге болады Басқа жаңалықтар

Жолақы 50 теңге болады

Жергілікті ресми баспасөз беттерінде қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ қаладағы қоғамдық көлікте жолақы тарифін  45-тен 60 теңгеге дейін көтеруді қарастырған өзінен бұрын әкім болған А. КЕРІМОВТІҢ қаулысына өзгерістер енгізу туралы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі қаулысының жобасы жарияланды. Жолақы үшін жаңа тариф бір адамға 50 теңгені құрайтын болады. 5 қыркүйек 2012, 23:40 2 813 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Басқа жаңалықтар

Қылмыс хроникасы

29 тамыз күні түнде 4-ықшамаудандағы пәтерлердің бірінде басынан жарақат алған 37 жастағы ер азаматтың денесі табылды. Сәтпаев даңғылында тұратын 37 жастағы күдікті қазіргі уақытта ұсталып, оған Қылмыстық Кодекстің 103-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды. 5 қыркүйек 2012, 23:34 2 039 рет қаралды
Батырақтарды жасыратын кез келді Басқа жаңалықтар

Батырақтарды жасыратын кез келді

1 қыркүйекте Қазақстанда «Учаске» деп аталатын кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталып кетті. Соның ішінде Атырауда уческелік инспекторлар жалға беріліп отырған пәтерлерді, саяжай учаскелерін, құрылыс нысандарын, базарлар мен баспаналарды аралайтын болады. 5 қыркүйек 2012, 23:26 2 065 рет қаралды
Кімнің дәлелі мықты? Басқа жаңалықтар

Кімнің дәлелі мықты?

Б. РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкасынан кейін Ақордадан алыстағы  Атырау кенет саяси шиеленістің ошағына айналды және атышулы жанжалдардың, оның ішінде жергілікті депутаттардың демаршы секілді трагикомедиялық жағдайын ұрынды. Жақында ғана «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. НЫҒМАТУЛЛИННІҢ келу сапары, ҚР Бас прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВТЫҢ және Экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес департаменті агенттігінің төрағасы Р. ТҮСІПБЕКОВТЕРДІҢ Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық турасындағы  шындықты ақтаруы әлі де нақтылана қойған жоқ. Шындығында не болып жатыр өзі? 5 қыркүйек 2012, 23:16 3 285 рет қаралды
Таскешудің өз сыры бар Мәдениет

Таскешудің өз сыры бар

Таскешу керуен сарайы Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастыратын Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи мұралардың бірі болып саналады. Жылдар бойы елеусіз жатқан сарай сырына үңілген археологтар ерекше қызығушылық танытуда. 5 қыркүйек 2012, 23:03 8 235 рет қаралды
Олар да ана болуға лайық Қоғам

Олар да ана болуға лайық

Сіздердің мүгедек арбасына таңылған жүкті әйелді көргеніңіз бар ма? Бұл құбылыстың сиректігі сондай, оларды саусақпен санауға болады. Ал қай әйел болса да сүйікті болғысы келеді, өз отбасы мен балалары болса екен деп армандайды. 5 қыркүйек 2012, 22:39 4 473 рет қаралды
Банкпен де дауласуға болады Экономика

Банкпен де дауласуға болады

Банктермен, сондай-ақ, атқарушы және сот жүйелерімен дауласудың мәні жоқ. Санамызда осылай қалыптасқан пікірдің кейде банк несиесін өтеуге мүмкіндігі жоқ тұтынушылардың бүкіл мүлігінен айрылып қалуына әкеп соғып жатады. Алайда өз құқығыңды қорғауға болады, бастысы – заңды білу деп сендіреді адвокаттар. 5 қыркүйек 2012, 21:38 2 846 рет қаралды
Оралмандардан үйренейік! Басқа жаңалықтар

Оралмандардан үйренейік!

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында селода кәсіпкерлікті несиелеу үлкен сұранысқа ие бола бастады. Тиімді шарттармен несие алуға 80 адам тапсырыс беріп үлгерді. Түрлі салалы бизнес-жобалардың ішінен несиелік бағалау комиссиясы ең қызықты дегенін таңдап алатын болады. Таңдауға ие болған жобалар ғана өз істерін дамытуға несие ала алады. 5 қыркүйек 2012, 21:34 2 463 рет қаралды
Назар аударыңыз, балалар! Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, балалар!

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыста балалардың қатысуымен және олардың кінәсінен 50 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Жол полициясы басқармасы. Апат салдарынан 11 бала көз жұмып, 47 бала жарақат алған. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын қыркүйек айының бірінші аптасында «Назар аударыңыз, балалар!» деген акция өткізіп тұрады. 5 қыркүйек 2012, 21:20 3 885 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Өз мүддесін қорғап шықты

Биылғы жылдың қаңтарында «АЖ» ТШО мен Аджип ККО объектілеріне қызмет көрсететін «КСБ Групп» ЖШС күзет компаниясында қалыптасқан ахуал туралы жазған еді. Фирма күзетшісі Азамат ЕСМҰҚАЕВ өзі секілді басқа қаладан келіп жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың атынан өздерін баспанамен қамтамасыз етпейді, жолақыларды төлемейді  деп, еңбек құқықтарының бұзылуына жұмыс берушіні айыптаған болатын.  Облыстық еңбек департаменті жүргізген тексеру жұмыстары осы фактілерді растаған еді, соған қарамастан күзетші жұмыстан шығарылды. 5 қыркүйек 2012, 21:15 2 113 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қашағаннан не күтуге болады?

Каспий – Қашаған теңізасты кенішінен өнеркәсіптік мұнай өндіру 2005 жылы жоспарланған болатын. Сол кезде көпшілік енді керемет өмір сүреміз деп үміттенген еді. Енді 2013 жылы көктемде мұнай көп болады деп уәде етіліп отыр. Болатыны шүбәсіз, алайда масайраған көңіл жоқ. Қазақстанда мұнай табыстарының жұмбақ жолдармен өтіп жатқаны сондай, халық олардан өздеріне түсетін ешқандай да пайда көретін жағдайда емес. 5 қыркүйек 2012, 21:03 1 509 рет қаралды
Қазмұнайгаз теңізге шығады Басқа жаңалықтар

Қазмұнайгаз теңізге шығады

2 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде «Ембімұнайгаз» ӨФ 90 жылдығына және еңбегі сіңген мұнайшы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бөлекбай АҒЫНҒАЛИЕВТІҢ 85 жылды ғына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті. 5 қыркүйек 2012, 20:45 2 983 рет қаралды
Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды Басқа жаңалықтар

Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды

Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ актив өткізіп, онда облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы, ішкі істер департаменттерінің және облыстық прокуратураның жаңа басшыларын қысқаша таныстырып өтті. 4 қыркүйек 2012, 20:50 2 222 рет қаралды
Пактың орнына келді Басқа жаңалықтар

Пактың орнына келді

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Атырау филиалының төрағасы (әрі қарай ҚҰЭП) ауысты. Атырауға танымал кәсіпкер, «УС-99» ЖШС құрылтайшысы Вадим ПАКТЫҢ орнына жергілікі филиалға Асылбек ЖАКИЕВ басшылық етті (суретте). 4 қыркүйек 2012, 20:04 2 109 рет қаралды
Атырау – суретшілер көзімен Мәдениет

Атырау – суретшілер көзімен

1 қыркүйек күні «Ақ желкен» шығармашылығы орталығында «Алтын қайық» номинациясының қала көріністері жанрындағы республикалық симпозиум өтті. Оған Алматыдан тәжірибелерімен бөлісуге келген үш суретшімен бірге, «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Алтын қайық» байқауына өз жұмыстарын алып келген Ақтөбе, Ақтау, Оралдан келген 16 суретші қатысты. 4 қыркүйек 2012, 19:59 11 997 рет қаралды
Тұрғындарды көшіруге 5,4 млрд теңге жұмсалады Экономика

Тұрғындарды көшіруге 5,4 млрд теңге жұмсалады

2 қыркүйек күні «Атырау» қонақ үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ  және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ мұнайшылардың  аймақтың әлеуметтік бағдарламасы үшін 6,6 млрд теңге  бөлуі жөніндегі меморандумға қол қойды. 4 қыркүйек 2012, 16:23 2 766 рет қаралды
Алдағы уақытта мұндайға бармайды Басқа жаңалықтар

Алдағы уақытта мұндайға бармайды

ҚР бас прокурорынан кейін Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ сөз алды. Оның айтуынша, ардагерлердің жартысы хатқа мүлдем қолдарын қоймаған, бірақ фамилиялары көрсетіліпті, ал ардагерлердің екінші жартысы тіптен хаттың мәтіндерін көрмепті, бірақ қолдарын қойған. 31 тамыз 2012, 23:55 3 275 рет қаралды
Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында Басқа жаңалықтар

Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында

Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ Атырау облысының 2012 жылғы 31 тамызда актив жиналысында сөйлеген сөзінен: «Ірі тексеру үлкен қоғамдық пікір қалыптастырды, бірақ, ақпараттың жетіспеушілігінен бұл тексеру қауесетке толды, ажиотаж туғызуда. Бас прокурор ретінде тексеру қорытындыларын айқындап өтейін. Осы жылғы тамыздың басында еліміздің президентіне Атырау облысының бұрынғы орынбасары, «өзін-өзі билеу» бабы бойынша сотталған Нақпаев Сәлімжан заңсыз сотталғандығына, сондай-ақ,  Атырау облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің іс әрекетінде бюджет қаржысын пайдалану кезінде және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заңбұзушылықтарға жол беріліп отырғандығына шағымданды. 31 тамыз 2012, 23:09 5 495 рет қаралды