Атырау, 5 қазан 03:07
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қызылордада 10 жыл бойы мұғалімдер мен оқушыларды келеке еткен мектеп директоры жұмыстан босатылды

2 943 просмотра

Қызылордада 10 жыл бойы мұғалімдер мен оқушыларды келеке еткен мектеп директоры жұмыстан босатылды деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, мектеп директоры  мектепте кеңсе, шаруашылық, құрылыс заттарын сатып алуда, шығыстауда, тегін тамақпен қамтамасыз етуде, кәсіподақ жарнасы мен демеушіліктен түскен қаржыны жұмсауда, мектепті жөндеу жұмыстарына, мектепке келген жиһаздарға негізсіз қаржы жинауға,  санитарлық нормалар мен ережелердің өрескел бұзылуына жол берілгені ішінара қуатталды.
«Сондай-ақ, мектеп директоры қызмет бабын пайдаланып, мектеп мұғалімін үйінің жұмыстарына пайдаланып келген. Облыстық прокуратурамен Қызылорда қаласындағы №120 орта мектебі мұғалімдерінің және ата-аналардың мектеп басшылығының заңсыз әрекеттері туралы жазған арыздары қаралып, жүргізілген тексерумен мектептің лауазымды тұлғаларымен заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Нәтижесінде  мектеп директоры және оның бес орынбасары қызметтерінен босатылды»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

10 сәуір 2013, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.