Атырау, 7 қараша 14:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Сегіз кеңсе және бір нотариус

5 353 просмотра

«Анам қайтқаннан кейін үлкен проблемаға тап болдым – атыраулық нотариустардан мұрагерлік туралы іс ашу қиын нәрсе екен. Бір нотариус менің мұрагерлік ашу туралы өтінішімді қабылдамас бұрын сегіз кеңсені аралауыма тура келді. Олардың мұрагерлікке байланысты істі жүргізуден қандай негізде бас тартатыны да түсініксіз». «Мені нотариустардың қызметі үшін тарифтерді кім белгілейтіні қызықтырады. Олар неге көрсеткен бір қызметіне айырмашылығы 1-2 мың теңге болатын әр түрлі ақша алады?».

Осындай сұрақтармен редакциямызға оқырмандар хабарласқан болатын. Біз облыстық нотариалдық палатаның төрағасы Гүлнәр МАСАТОВАДАН (суретте) осы мәселелерге түсінік беруін сұрадық.

- Гүлнәр Жұмағұлқызы, басты сұрақ: нотариус клиентке, біздің оқырманымыздың оқиғасындай, қандайма бір қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы ма?

- Мұрагерлік іс жүргізу нотариустар ортасында қиын да жауапты процедуралардың бірі болып табылады. Өзіне осындай жауапкершіліктерді алғысы келмей, клиенттерді әріптестеріне жіберетін нотариустар да бар болар. Алайда бұл әрекеттер – заңсыз. Нотариустардың қандай қызмет болса да, бас тартуға құқысы жоқ.

Нотариалдық әрекеттер жасауда құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге төлеуден келесілер босатылады:

- Нотариалдық куәландыруды қажет ететін құжат жобасын өз бетінше дайындаған жеке және заңды тұлғалар;

- ҚР Салық кодексінің 542-бабы 4,8,9 тармақшаларында көрсетілген тұлғалар; жалпы үлгідегі қарттар және мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

- Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, жетім балалар;

- І және ІІ топ мүгедектері;

- Жасы бойынша зейнеткерлер.

 

- Қалалықтар үйге келіп іс жүргізетін нотариустарды табу өте қиын деп кейістік білдіріп жатады.

- Нотариустардың бұл ұсыныстардан да бас тартуға құқығы жоқ.

- Бағалардың әртүрлілігін қалай түсіндіруге болады?

- Бүгінгі күні Қазақстан бойынша нотариалдық қызметтерге бірыңғай тарифтер әрекет етеді. Ешқандай өзгерістер болмауы керек. Әр нотариустың кеңсесінде көрінетін жерде екі тілде толық нотариаттық іс-әрекеттердің бағалар тізімі ілініп тұруы тиіс.

- Егер нотариус қызмет көрсетуден бас тартса, не оның құны белгіленген тарифтен өзгеше болса, не істеу керек?

- Егер нотариус қызмет көрсетуден бас тартса, одан уәжді бас тарту туралы қаулы сұрау керек. Өз міндеттерін орындаудан қандай себептермен бас тартатыны жөнінде жазбаша түсіндіріп берсін. Жалпы, азаматтардың құқығы бұзылған кез келген жағдайларда нақты нотариус үстінен облыстық нотариалдық палатаға, менің атыма немесе Әділет департаментінің нотариат бөліміне шағым берулеріңізге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:

ҚР Салық кодексінің 542-бабы негізінде келесі тұлғалар нотариалдық әрекеттер жасағанда мемлекеттік алымдардан босатылады:

1. жеке тұлғалар - өздерінің мемлекет пайдасына мүлікті сыйға тартатын өсиеттерін, шарттарын куәландырғаны үшін;

2. мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) бергені үшін, сондай-ақ осы куәліктерді (куәліктердің телнұсқаларын) алу үшін қажетті барлық құжаттар үшін;

3. жеке тұлғалар - оларға:Қазақстан Республикасын қорғау кезінде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты не адам өмірін құтқарып қалу, мемлекеттік меншікті және құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкіне;

- егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемінде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейін де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйіне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайына;

- сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне, мемлекеттік заимдардың облигацияларына, еңбекке төленетін ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсіптік үлгілері үшін сыйақы сомаларына;

- ақталған азаматтардың мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәліктер бергені үшін;

4. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

5. репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттері бойынша;

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін өтініш берген кезінде;

7. қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өтініш берген кезде;

8. «Ардақты Ана» атағы берілген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куәліктер алғаны үшін;

10. «Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

11. Жетім балалар және он сегіз жасқа дейін ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға – мұрагерлік құқығы туралы куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.