14 сәуір күні «ААА» еріктілері №1 интернатқа және отбасылық үлгідегі балалар ауылына ағаш күркесін (беседка) сатып алуға қаражат жинау акциясын өткізеді.
Қаражат жинауға жастар ерекше шығармашылықпен кірісті. Олар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қазақстандық ғашықтар күні қарсаңында «Фабрикъ» барында кездесулердің қайырымдылық аукционын өткізбек және онда «лоттар» ретінде жас жігіттермен кездесу қойылатын болады. 1 сағат әңгімелесудің бастапқы құны – 2 мың теңге, мөлшерлемені арттыру қадамы – 500 теңге. Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Астанада «Твори добро» қайырымдылық қоры өткізген күйеу жігіттер аукционынан 129 мың теңге түскен еді. Ол ақша астанадағы мұқтаж адамдар отбасына жіберілді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА