Атырау, 6 қазан 13:12
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оларға мұндай даңқтың қажеті жоқ

1 840 просмотра

«Алматыинжстрой» АҚ бас кеңсесіндегілер бізге «Атырауинждорстрой» еншілес компаниясының атауы өзгеруі мүмкін екенін хабарлады.

Бас кеңседегілер 10 жылдан астам уақыттан бері Атырау облысының әкімдігіне жол салу мен жөндеу қызметтерін көрсететін еншілес компанияның имиджі облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың қаржылық алаяқтық істерінде компания басшыларының бірі Владимир Пактың белсенді рөл ойнағаны анықталғаннан кейін қатты зардап шекті деп есептейді. 

Бірақ бұл жерде тағы бір проблема туындайды. Құжаттарын қайта ресімдегеннен кейін жаңа құрылған жол компаниясы Атырау облысындағы ірі жол жобаларының бас мердігері болу құқығын жоғалтып, тек қосалқы мердігерлік жұмыстармен ғана айналыса алады. Өйткені, ереже бойынша, фирма бірнеше жыл бойына бір атаумен жұмыс істеуге тиіс. Міне, сондықтан екінші нұсқа болуы мүмкін: тендерде компанияның мүддесіне бас кеңсе - жарты ғасырлық еңбек тәжірибесі бар көппрофильді «АИС» АҚ кәсіпорны өкілдік ететін болады. Қалай дегенмен де Атырауды ұзаққа созылатын жол маусымы күтіп тұр.

Жобаның көп бөлігіне 2013-тен 2014 жылға «өту» қаупі төніп тұр. Әңгіме облыс орталығының ішіндегі жол жұмыстарының көп бөлігі мен бүлінген Атырау-Индербор жолдарын қайта қалпына келтіру жобасы туралы болып отыр.

Қазір мемлекеттік сараптама мен тендерден өткен сауатты ресімделген жобалау-сметалық құжаттама болмайынша, бюджет қаржылары бөлінбейді. Сондықтан жол жұмыстарының қарқынды кезеңі маусым айынан бұрын басталмауы мүмкін. Жол қызметкерлері Б. Рысқалиевтың кезінде оңайырақ болғанын жасырмады: кәсіпорын облыстық биліктің ауызша кепілдігімен жұмысқа сәуір айында кірісіп кетеді екен. Есесіне қазір қазынаға обал болмайды...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.