Атырау, 10 желтоқсан 10:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«Сәулеге» - 20 жыл

2 198 просмотра

Сәуірдің алғашқы аптасында университет жанындағы III Жас Толқын республикалық фестивалінің лауреаты «Сәуле» би ансамблі құрылғанына 20 жыл толуына орай шығармашылық концертін өткізді.

Сахна төрінде мың бұрала билеген 9 қыздың ширақ та нәзік қимылын (ансамбль жетекшісі Сәуле ЖАСКЕЛЕНОВА (суретте)  ырғақ пен әуен дәлдігі деп түсіндіреді. Ол осыдан 20 жыл бұрын бұл ансамбльдің құрылуына ұйытқы болып, күні бүгінге дейін топ құрамындағы қыздарға биді өзі үйретеді екен. 4 жыл сайын ауысып тұратын топ құрамындағы қыздардың көпшілігі би өнеріне әбден жаттыққан соң бұл өнерден университет бітірген соң қол үзіп кететінін күрсіне жеткізді.

- Ансамбльдің келесі құрамымен мен үшін қоштасу қиындау әрине, - дейдіС. Жаскеленова.- Бірақ, өмір жалғасуда, би өнеріне жақындай түскісі келген жаңа студенттер келеді.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.