Атырау, 11 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Әйелдер озбырлыққа қарсы

5 769 просмотра

Полицейлер қызықты фактіні атап отыр. Күйеуінің немесе туыстарының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтын атыраулық әйелдердің көпшілігі енді үйдегі озбырлыққа шыдағылары келмейді. Олар бірден құқыққорғау органдарының көмегіне жүгінетін болған.

- Бұл - өте жақсы құбылыс. Мұны соңғы кездері әйелдер өз құқықтары туралы көбірек хабардар болғандықтан шығар деп ойлаймын, - деп есептейді ІІД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Болат ДҮЙСЕНОВ. Ол сонымен қатар, әйелдердің осыдан үш жыл бұрын енгізілген қорғаныс ұйғарымы секілді қорғану әдісіне жиі жүгінетіндігін атап өтті. Ол отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға өз құрбанымен10 тәулік мерзімге кез келген байланыс жасауға тыйым салады. 

Тек биылғы жылдың қаңтар-ақпанында Атырау қаласында 120 (2012 жылдың қаңтар-ақпанында - 42) қорғаныс ұйғарымы шығарылды.

Анастасия ПАСТУХОВА

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.