Атырау, 16 маусым 18:56
 дождьВ Атырау +32.9
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

​Қазақстандық әскерилер АҚШ-тағы CENTCOM оқу-жаттығуына қатысты

Бейнежазба
58 рет қаралды

Қазақстан өкілдері АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы — CENTCOM өткізетін Regional Cooperation 2026 халықаралық әскери оқу-жаттығуына қатысты.

CENTCOM-ның хабарлауынша, оқу-жаттығу 12 маусымда Монтана штатындағы Fort Harrison базасында аяқталды. Екі апта бойы оған 10 елден 350-ден астам әскери қызметші, сондай-ақ АҚШ Ұлттық гвардиясының 10 бөлімшесінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында командалық-штабтық өзара іс-қимыл, далалық тактика және киберқауіпсіздік сценарийлері пысықталды. Қатысушылар сонымен қатар қоян-қолтыс ұрыс, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, жергілікті жерде бағдарлау және жауынгерлік жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтті.

Америка тарапының мәліметінше, 11 күндік шара түрлі елдердің әскерилері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, жедел үйлесімділікті және бірлескен әрекеттерге дайындықты арттыруға бағытталған.

«Сенім дағдарыс кезінде қалыптаспайды, ол дағдарысқа дейін қалыптасады. Біз барлық қатысушылар арасында серіктестік, үйлесімділік, сенім мен түсіністік орнатып жатырмыз», — деді CENTCOM-нан оқу-жаттығудың жетекші жоспарлаушысы подполковник Рэндалл Филлипс.

Моңғолия Қарулы Күштерінің өкілі, командалық сержант-майор Баттулга Баатар да серіктестермен қарым-қатынас пен сенімді нығайтудың нақты операцияларды жүргізу мен ынтымақтастықта маңызы зор екенін атап өтті.

Regional Cooperation — Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің қатысуымен өтетін CENTCOM-ның ең ірі оқу-жаттығу шарасы. 2026 жылы бұл оқу-жаттығу 30-шы рет өткізілді.


Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.