Атырау, 25 қараша 14:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Денсаулық онкүндігі

7 754 просмотра

Осы аптада Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай (биыл ол 7 сәуірде тойланды) Қазақстанның бүкіләлемдік дәрігерлер қауымдастығы денсаулық онкүндігін өткізеді.

- 2013 жылды гипертонияға арнаймыз және денсаулық онкүндігі аясында адамдарға қан қысымын өлшеуді үйреткіміз келеді, - дейді «Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы» АҚ «Атырау облысы халқының гипертониямен ауруын төмендету және емдеу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту» жобасының үйлестірушісі Людмила АСТАШКИНА. – Осындай акцияларды біз №2 және №7 емханаларда, сондай-ақ, Алмагүл ықшамауданындағы супермаркетте өткізуді жоспарлап отырмыз.

Көптеген адамдар өзінің қан қысымының көтерілгенін сезбейді – гипертонияның қауіптілігі осында. Егер жоғары қан қысымы (140/90 және одан жоғары) ұзақ уақыт тұратын болса, жүрек пен қан тамырларына ауырлық түсіп, ауруға әкеп соқтырады. Гипертония кезінде мидың, жүректің, көздің тамырлары зақымданады. Қан қысымын үнемі өлшеп тұру гипертонияны өз уақытында анықтауға жәрдемдеседі. Егер сізде 140/90 және одан да жоғары қан қысымы болса, тез арада дәрігерге қаралыңыз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА 

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.