Атырау, 10 желтоқсан 00:32
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Перзентханадағы мастер-класс

3 158 просмотра

Облыстық перзентханада екі апталық шеберлік сабағы өтіп, Вильнюстен шақырылған медбикелер науқас және шала туған сәбилерге күтім жасау жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВАНЫҢ айтуынша, дұрыс күтім жасау – шала туған сәбилердің тіршілік ету қабілетінің басты факторы боп табылады. 2 апта бойына осы мәселе бойынша облыстық және қалалық перзентханалардың, қала мен облыстағы барлық аудандардың емдеу мекемелеріндегі 55 медбике біліктіліктерін көтерді. 

Атап айтқанда, олар дүниеге келген сәбидің жағдайын бағалаудың, өкпелеріне жасанды тыныс беріліп жатқан сәбилерге және өте шала туған сәбилерге күтім жасаудың теория мен тәжірибе жүзіндегі жаңа әдістерін үйренді.

- Перзентханамызда даму ақауымен туған балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Осыған байланысты операциядан кейінгі кезеңде балаларға күтім жасау, госпитальдық жұқпалы аурулардың алдын алу сабақтары өткізіліп, сонымен қатар науқас сәбидің туыстары мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы туралы мәселелер қаралды. Бүгінде шеберлік сабағынан кейін медбикелеріміз үйренген дағдыларын өз жұмыстарына қолдануда, - дейді Ұ. Хасанова.

Белоруссия, Литва және Германиядан келген мамандар қатысқан алдыңғы шеберлік сабақтары секілді, осы шеберлік сабағын өткізу «ЭксонМобил» компаниясының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. Тренингтер 2013 жылы да жалғасын табады.

Бұдан басқа, «ЭксонМобил» Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Индер және Мақат аудандарының орталық ауруханаларының, №1, 2 және 5 қалалық емханалардың, сонымен қатар қалалық және облыстық перзентханалардың баланстарына фетальды мониторлар табыс етті. 

Хасанованың айтуынша, осы аппараттың көмегімен акушер-гинекологтар ұрықтың жүрек қызметіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтап, шұғыл медициналық көмек көрсету шараларын ала алады екен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.