Сол күні таңертеңгісін Байкеновтер балет студиясының ғимаратында ерекше бір ауан орын алды. Кішкентай бишілер қазақ балетінің көзі тірі аңызы Болат АЮХАНОВТЫ (суретте) дегбірлене күтіп тұрды.
Ол еш шусыз, кездейсоқ кіріп келді. Өзінің өзгермес бейнесі – шәлісін артқа тастаған, күлімдеген көздері кілт ойлылыққа айналатын әдеті қаз-қалпында. Сәлемдесу қимылын көрсеткен жас бишілер ресмилікке қолды бір сілтеп, атақты балетмейстерді қоршап алды. Әдемі көйлектердің нәзік бұлттарына оранған Болат Ғазизұлы балаларға тілегін айтты:
- Қандайма бір жағдайда да ешкім көз жастарыңызды көрмейтін болсын. Балет билеушінің ішкі дүниесі мығым, мықты болуы керек. Әуенді жүректен өткізе отырып, жан-тәніңмен тыңдаңдар!
Балет студиясының жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА өзі үшін, педагогтар мен оқушылар үшін Болат Аюхановтың мұндай ілтипаты үлкен маңызға ие екенін атап өтті:
- Біріншіден, бұл менің ұстазым, мен одан көп нәрселер үйрендім. Екіншіден, жұмысымыз жандана бастады, біздің енді сабақтар өткізетін кең де жарық ғимаратымыз бар. Ал Болат Ғазизұлының осы алтын ұямызға келуі – ақсақалдың бата бергенімен бірдей. Барлығымыз осы кездесуден үлкен ләззат алдық, әсіресе қыздарымыз бүгінгі сабаққа ерекше шабыттанып келді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор