Атырау, 26 желтоқсан 15:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

КХДР баллистикалық зымырандарын бүгін жіберуі де мүмкін

1 503 просмотра

Корея Республикасында КХДР-дың орташа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарының ұшырылуын қадағалап отыратын арнайы топ жұмыс бастағанын айтады, Associated Press Оңтістік Кореяның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Елдің әскери барлауы зымырандарды 2013 жылдың 10 сәуір күні ұшыруы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды РБК. Арнайы топ Кәріс түбегіндегі жағдайға мониторинг жүргізіп, материалдарды жинақтайды және ақпараттарға сараптама жүргізеді. Сарапшылар оқу-жаттығу кезінде 3 мың км қашыққа ұшатын «Мусудан» зымыранын пайдалануы мүмкін дейді. Яғни, бұл зымырандар Оңт.Коряның, Жапонияның, америкалық әскерлер орналасқан Гуам аралдарының бар аумағын, сондай-ақ Ресей мен Қытай аумағындағы кейбір нысандарды атып түсіруге қабілетті.
Естеріңізге сала кетейік, кейінгі аптада ресми Пхеньян егер екінші тараптан арандату әрекеті орын алып жатса, ядролық қару қолдану арқылы табанды жауап беретіндерін айтып, бірнеше мәлімдеме жасаған болатын. Ал, бұл уақытта Оңт.Корея мен АҚШ сырттан келуі ықтимал қауіпке қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығу жүргізіп жатқан еді.
Пхеньянның ызбарлы мәлімдемесі көршілерінің жүйкесіне әсер етпей қойған жоқ. Бүгін таңертең Токиомен қанаттас жатқан Иокогама қаласының билігі КХДР зымыран жібергенін айтып дабыл қақты да, артынша 20 минут өткен соң, қателескендерін айтып, ел тұғындарынан кешірім сұрады.

Дереккөз: baq.kz

10 сәуір 2013, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.