Сұрақ-жауап Сома қайтарылуы тиіс – Отбасымыз қазан айына белгіленген үйлену тойына әзірленуде. Сәуірде банкет залын жалға алу үшін аванс төлемін -150 мың теңгені төледік. Бірақ меймандар тізімін жасай бастаған кезде бізге үлкендеу зал керек екенін түсіндік. Нәтижесінде 2 айдан кейін, маусым айында басқа залды жалға алып, авансты кері алуды ұйғардық. Қолымызда кіріс ордерінің түбіртегі бар. Бірақ мейрамхана қожайыны авансты қайтармай отыр. Бізде мынадай сұрақ бар: мұндай жағдайда қандай сома қайтарылуы тиіс - 10%, 50% немесе белгілі бір мөлшері жоқ па? Кіріс ордерінің түбіртегі ақша төлегенімізге дәлел бола ала ма? Енді авансты қалай қайтара аламыз? 10 тамыз 2017, 00:00 3 457 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әуелі келісімшарт болу керек Сарықамыс-2, №5 көше мекен-жайының бережағы салдарынан газымызды ажыратып тастады. Қарыз келесі күні өтелді, алайда абоненттік бөлім қызметкерлері қосу төлемақысын қабылдамай отыр. Әуелі техникалық қызмет көрсету жөнінде компаниямен келісімшарт жасап, алдын ала 4 700 теңге төлеу керек, содан кейін ғана қосу үшін төлеуге болады дейді. Олардың әрекеттері заңды ма? 3 тамыз 2017, 00:00 2 896 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көршілер келіспеген жағдайда – Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?.. 18 мамыр 2017, 00:00 3 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотсыз болмайды 1944 жылы әке-шешем Қырым АКСР-нен Қазақстанға жер аударылды. Мен ата-анам арнайы қоныста болған кезде дүниеге келіппін. Бұған КСРО ішкі істер халық комиссариаты берген туу туралы куәлігім дәлел бола алады. Мен ақтау туралы анықтама алу үшін облыстық прокуратураға жүгінген едім, алайда деректі мұрағат мәліметтерінде қуғын-сүргіннің қолданылу фактісінің: менің және менің ата-анамның арнайы қоныстың тіркеу есебінде жоқтығына байланысты маған анықтама беруден бас тартты... 21 шілде 2016, 00:00 2 399 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күдікті ұнтақ Қала базарларында түрлі сауда таңбасымен сатылатын кір жуғыш ұнтақтардың сапасының төмендеп кеткендігін айтқым келеді. Жуылған киімдерімізде дақтар мен жағымсыз иістер қалып қояды. 26 мамыр 2016, 00:00 2 418 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әкесінің қызы – Әкем қайтыс болғаннан кейін тұрғын үй мұраға қалды. Біз онда анамыз екеуміз тұрамыз, басқа мұрагерлер жоқ. Ресми түрде олар үйленбеген, алайда өмір бойы бірге өмір сүрді. Тіпті менің туу туралы куәлігімде де әкемнің аты көрсетілмеген. Мен мұраны өз атыма ресімдеу үшін нотариалдық кеңсеге жүгінген кезде, нотариус заң бойынша мұраға құқылы куәлікті беруден бас тартты. Нотариус маған әке-шешімнің туыстық қарым-қатынас фактісін анықтау туралы шағыммен сотқа жүгіну керектігімді түсіндірді. Нотариустың айтуы дұрыс па? 10 наурыз 2016, 00:00 3 109 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әділдік іздейміз – Жұбайым Сергей Лифанов көп жыл бойы мүгедектер қоғамының мүшесі, жыл сайынғы жарналарды төлеп тұрады. Қоғамдық бірлестіктің өз ақшалары жоқ және ол демеушілер есебінен өмір сүреді. Демеушілердің көмегі әділдік принципі бойынша жұмсалатынына күмәндімін. Тиісті органдардың қоғам қызметін тексеруі үшін қайда шағым жаза аламын? 28 қаңтар 2016, 00:00 2 529 рет қаралды
Сұрақ-жауап Болмаған оқиға - 17 желтоқсанда мені Аққыстау АІІБ-не шақырып, полиция қызметкерлері маған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзды деген хабарлама келіп түскенін айтты. Олардың айтуынша, мен 8 қараша күні сағат 6-32-де Құлсары қаласында өзімнің Газель автокөлігіммен темір жол өткелінің шлагбаумы түсіп тұрғанына қарамай, айналып өтіппін. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес, өйткені, мен осы күні үйде болдым және Аққыстау ауылынан шыққан жоқпын. Полиция қызметкерлері осы жол қозғалысы ережесінің бұзылуын түсірген бейнежазбаны көрсетуден бас тартты. Менің айтқан барлық уәждеріме қарамастан олар хаттама толтырып, осының негізінде мен 19 800 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуім керек. Бұл жағдайда не істеуім қажет? 31 желтоқсан 2015, 00:00 3 575 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жоғалған адамның мұрасы – Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 893 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ата-ана атану бақыты - Біз қыз баланы асырап алғымыз келеді. Ол үшін қандай құжаттар жинап, қайда хабарласу керек? Бала асырап алудың тәртібі туралы білгім келеді. 19 қараша 2015, 00:00 4 606 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі де тәртібіне байланысты - Адам бірінші рет 10 жылға сотталып, соның 5,5 жылын отырып үлгерді. Тәртібі жақсы. Алған мадақтаулары да бар. Ешкіммен жанжалдаспайды. Мекеме режимін бұзбайды. Ешкімге физикалық та, моральдық та зиян келтірмеді. 15 қазан 2015, 00:00 3 595 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ауыр жағдай – Жұбайым - Махмұд Боранбайұлы Жақаев «ОблТрансГаз» КМК-де жұмыс жасап жүргенде 2007 жылдың 20 наурызында өзінің еңбек міндеттемесін орындау барысында зақым алған еді. «ОблТрансГаз» КМК әкімшілік ғимаратын күзететін кезекшілігін атқару кезінде ол жабық ауыр бас-ми жарақатын алған, оң жақ самай бөлігі жаншылып, өткір субдуралдық қанды ісік жарақаты бар ауыр дәрежеде бас миы зақымдалған. «ОблТрансГаз» КМК кеңсесіне белгісіз тұлғалар кеңсе бухгалтериясынан сейф ұрлау мақсатында шабуыл жасаған... 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 491 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кейінге қалдыру құқығы – Өзім зейнеткермін, мені бағып отырған кенже ұлыммен бірге тұрамын. Ол асыраушы деп есептеле ме және осы негізде оның әскерге бармауға құқығы бар ма? 11 маусым 2015, 00:00 3 766 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ипотекалық несие алушыларға көмек - Мен 2006 жылы доллармен ипотека алдым, кейін банктен валютаны теңгеге ауыстыруды талап еттім, бірақ банк бұдан бас тартып отыр. 2006 жылы мен төлеген ай сайынғы несие сомасы 42000 теңге болған, ал қазір 66 000 теңге төлеп отырмын. Ай сайынғы төлем 375 долларға шығып отыр. Банктің бас тартуға құқығы бар ма? 28 мамыр 2015, 00:00 2 949 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ешқандай жеке өмір жоқ – Жұмысқа орналасқан кезде, банк мекемелерінде, соның ішінде қауіпсіздік қызметінде бізден туыстарымыз туралы толықтай сауалнама мәліметтерін сұрайды - бұл ҚР Конституциясының 18-бабын бұзбай ма? Осы бапқа сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар емес пе? 28 мамыр 2015, 00:00 3 760 рет қаралды
Сұрақ-жауап Артық құжатсыз - Жақында мен шағын ЖКО жасадым – біреудің машинасын соқтым. Қалалық жол полициясы хаттама толтырғаннан кейін өз сақтандыру фирмама хабарластым. Сол жерде менен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің көшірмесін, нақтылап айтсам, ЖКО сызбасын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемесі және т.б. көшірмелерін әкелуімді талап етті. Мен полицияға барып, көшірмелерді алдым, содан кейін маған бұлай жасауға міндетті емессіз деп айтты. Сақтандыру компаниясының талаптары дұрыс па? 19 ақпан 2015, 00:00 2 407 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құмар ойындар - Ұлым құмар ойындармен әуестеніп кетті. Отбасының барлық кірісін букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарына жояды. Жанұясында кейде тамаққа ақша табылмай қалады, ал оның үш баласы және жұмыс жасамайтын әйелі бар. Жақында ол астындағы көлігін ломбардқа салып, кейін кері қайтара алмады, содан кейін пәтерін де сатып, бар ақшаны осы қарғыс атқыр ойынға салды. Бұл отбасымыз үшін үлкен қайғы болды. Маған біреулер оның құқықтарын шектеуге болады, яғни, жалақысын алуға, мүлікті сатуға тыйым салып, бұларды әйелі не анасы жасай алатындай қылуға болады деп кеңес берген. Мұны қалай жасауға болады? - Менің әкем психдиспансерде есепте тұр, сондықтан да нотариус мәмілеге куәлік бере алмайды, түсініктірек айтсам, біз ортақ пәтерімізді сата алмай отырмыз, онда әкемнің де үлесі бар және оның келісімі керек. Біз қазір өте ауыр жағдайда қалдық, сондықтан да бұл пәтерді қалай да сатуымыз керек. Не істеуге болады, кеңес беріңіздерші. 19 ақпан 2015, 00:00 2 538 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалдықсыз бөліс - Біз күйеуіміз екеуміз жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанбыз (күйеуімнің атына). Біздің кәмелеттік жасқа толмаған үш баламыз бар. Күйеуім егер ажырасатын болсақ, менің пәтер үлесін ала алмайтынымды, себебі, пәтер оның атына рәсімделгенін және ол оны менің келісімімсіз-ақ сата алатынын айтады. 12 ақпан 2015, 00:00 2 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алимент төлеу ережелері - Менің ұлымның алимент бойынша міндеттемесі бар (бірінші некеден 9 жасар ұлы бар). Қазір ол екінші рет үйленді, баласы бар (1,5 жаста). Бір кездері ол алматылық компанияның Атыраудағы филиалында жұмыс жасаған. Жалақы есептеу бас кеңседе жүргізілетін. Сол кезде жалақыдан 25 пайыз емес, ең кем дегенде 50 пайыз ұсталып отырды. Оның да, басқа жұмысшылардың да қолдарына жалақы туралы түбіртектер берген жоқ. 12 ақпан 2015, 00:00 21 304 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сұраныс бойынша анықтама - Бірнеше жыл бұрын менің көршім алимент алуға арыз берген кезде сот барысында одан балаларының денсаулығы жайлы анықтама талап етіпті. Бұл талап әлі күшінде ме? 12 ақпан 2015, 00:00 2 425 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шартты мерзімнің шарттары – Менің досыма қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында шартты түрде соттау және зардап шегушілермен татуласу бойынша түбегейлі жаңалықтар бар ма? 5 ақпан 2015, 00:00 6 241 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша ма, жаза ма? – Менің туысым ақшаны ысырап қылғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол бір жылдан аз уақыт отырды. Ал, жақында қонақтықта отырғанда жаңа Қылмыстық кодекс бойынша туысымның тиісті айыппұл төлеп, ертерек бостандыққа шыға алатындығын естідім. Осы рас па? 5 ақпан 2015, 00:00 3 658 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құқығыңызға қол сұғылмасын – Жанармай құю бекетінен жанармай құйып жатқан кезде «тапаншаның» әлі алынбағанын байқамастан қозғалып кеткен едім. Бірер күннен кейін маған осы жанармай бекеті желісінің қауіпсіздік қызметінің бастығымын деп таныстырып, бір адам ұялы телефоныма қоңырау шалды. Ол қоқан-лоқы жасай бастап, тез арада келіп, 22 мың теңге айыппұл төлеу керектігімді талап етті. Мен сотқа шағымдануды ұсындым, менің кінәм дәлелденген жағдайда сот шешімімен айыппұл төлейтіндігімді айттым. Жанар-жағармай бекеті қызметінің талабы қаншалықты заңды? 15 қаңтар 2015, 00:00 2 571 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мүгедектің мүддесі – Ұлым туа бітті жүйке сырқатымен ауырады, ІІ топ мүгедегі. Психологиялық диспансер есебінде тұр. 3 бөлмелі пәтеріміз бар, жекешелендіру келісімшарты 4 адамға, соның ішінде ұлыма да рәсімделген. Қызыма бір бөлігін беру үшін пәтерді қалай ауыстыруға немесе сатуға болады? Нотариус алдымен ұлымның жағдайын анықтап, соттан құжат алу керектігін айтады. Айтыңыздаршы, қайда барғаным жөн? Менің сотқа қатысу үшін адвокат жалдауға мүмкіндігім жоқ. 13 қараша 2014, 00:00 2 287 рет қаралды
Сұрақ-жауап Артық анықтама – Компаниямыздың қызметкерлері балаларын мектепке беру үшін құжаттар жинаған кезде басқа құжаттармен қатар оларға жұмыс орнынан тек қызметтік лауазымы мен жұмыс өтілін ғана емес, жалақысы туралы анықтама беруді сұрайды. Біз осындай мағлұматтардың банктер үшін немесе виза алу кезінде орынды екеніне үйренгенбіз. Бірақ оқушылардың ата-аналарының жалақысы туралы ақпарат мектеп басшылығына не үшін қажет? Осы талап заңды ма? 6 қараша 2014, 00:00 2 291 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек өтілі жоғала ма? - Мен сауда компаниясында 8 жыл жұмыс жасадым (2004 жылдан бастап) – сауда өкілі болып орналасып, кейін супервайзерлікке дейін көтерілдім. 2012 жылы декреттік демалысқа шықтым, 2014 жылдың мамыр айында жұмысқа қайта шықтым. 3 ай жұмыс жасаған соң өз еркіммен жұмыстан шығып кеттім. Енді еңбек кітапшамды толтырайын деп едім, бірақ компаниядағылар кітапшаға тек 2010 жылдан бері жұмыс жасады деп жазатындарын айтады. Себебі, 2010 жылы компания атауын өзгертіп еді. Кадр бөліміне 2012 жылы жаңа қызметкер келген, ол өздерінде тек 2010 жылдан бергі мәліметтердің сақталғанын айтады. Атауы өзгергенге дейінгі құжаттар, бұйрықтар, т.б. қағаздар жоқ. Енді не істеймін? Кімге, қайда барамын? 30 қазан 2014, 00:00 2 639 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Жария ету» операциясы – Мүлікті жария ету барысында пәтердегі қайта жобалауды заңдастыруға бола ма? Пәтерімізді қайта жобалап қойдық, ал құжаттарымыз жоқ. Жалпы пәтерді заңдастырған жөн бе? – Банктердегі депозиттерді заңдастыру керек пе? 25 қыркүйек 2014, 00:00 2 348 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ереже бойынша ажырасу – Атырауда ажырасқаннан кейін өзімнің туған қалам – Қостанайға оралдым. Ажырасқан соң фамилиямды өзгертпей, бұрынғы күйеуімнің фамилиясын қалдырдым. Ажырасу туралы куәлікті алмаған едім. Біраз уақыт өткен соң екінші мәрте тұрмысқа шықтым. Сол кезде некені тіркеу кезінде ажырасу туралы куәлік қажет болды, ал ол менде жоқ еді. Біздің АХАЖ-дың қызметкерлері Атырау АХАЖ-ына сұраныс жасап, менің және бұрынғы жұбайым екеуміздің арамызда неке бұзылғандығы жөнінде актілік жазба бар екендігі туралы анықтаманы алды. Осы анықтаманың негізінде менің екінші күйеуіммен некем кедергісіз тіркелді. Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің фамилиясын алдым. Енді маған бірінші некемнің бұзылғандығы туралы куәлік қажет болып отыр. Бірақ мен қазір оны ала алмаймын, өйткені, менің фамилиям басқа. Не істеймін? 11 қыркүйек 2014, 00:00 2 681 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жағылған күйе кетпейді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (ҚР ҚС және АЕК) Атырау облысы бойынша басқарма басшысы, аға заң кеңесшісі Болат ТАЗАБЕКОВ оқырмандардың сауалына жауап береді: 28 тамыз 2014, 00:00 7 724 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шақырғаннан қалма... - Жақында сот орындаушысынан Алматы қаласының «Еуразия-Фемида» аралық сотының менен «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС пайдасына несиелік қарызды өндіріп алу туралы сырттай шешім шығарғанын білдім. Аралық сот өз шешімінде сот отырысы болатын уақыт пен орын туралы мені хабардар еттік деп көрсеткен. Ал, шындығында, мен аралық соттан да, өндіріп алушы - «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-тен де ешқандай шақыру қағазын алғаным жоқ. Мен сот белгілеген сомамен де келіспеймін, сондықтан да бұл шешімге шағымданғым келеді. Мұны қандай сот арқылы жасай аламын? 21 тамыз 2014, 00:00 2 668 рет қаралды
Сұрақ-жауап Анықтамаңыз бар ма? - Қазір белгілі бір жерге құжат жинағанда сотталмағандығы жөнінде анықтама сұратады. Оны қай жерден береді? Соттылығы бар немесе жоқ деген анықтаманы беру тәртібі қалай? 21 тамыз 2014, 00:00 2 470 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әйеліне де алимент төлейді – Ұлым 2013 жылдың сәуірінен бастап алимент төлеп келеді. Ол бұрынғы зайыбына алименттен бөлек тағы да басқа қаржы төлеуге тиіс пе? 29 мамыр 2014, 00:00 2 539 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлік жоқ, салықтар бар – Марқұм күйеуімнің ескі «Запорожец» көлігі бар болатын. 2001 жылы ол бас сенімхатпен машинасын ағасына берді. Ағасы да қазір о дүниелік болды. Тірі кезінде машинаны бұзып, қосалқы бөлшектерге сатқан болатын. Бірақ маған әлі күнге дейін салық басқармасынан осы көлік үшін салық төлеу туралы хабарлама келеді. Мен жол полициясы басқармасына бірнеше рет бардым, сотқа үш мәрте жүгіндім. Қай жерде де бір жауап: осы көліктің қандай болмасын құжаттарын табу керектігін айтады. Ал менің қолымда «Запорожецтің» бірде-бір қағазы да, күйеуімнің ағасына жазған бас сенімхаты да жоқ. Тек қайтыс болғандығы туралы екі куәлік қана бар. Мен нотариалдық палатада болып, 2 мың теңге төледім, бірақ ол жерде де осы құжаттың көшірмесін таба алмады. Ондағылар көшірменің 6 жыл сақталатынын айтты. Көліктің көптен бері жоқ екенін қалай дәлелдей аламын? 20 наурыз 2014, 00:00 3 299 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алименттік талаптар – Мен алимент алу үшін сотқа жүгінген едім. Бірақ маған сәбидің кәмелетке толғандығын, мұндай талап-арызды оның өзі беруге тиіс екендігін желеуретіп, құжаттарымды қайтарып жіберді. Кейбір басылымдардан, егер бала толықтай менің асырауымда болса (ол университетте күндізгі бөлімде оқиды және жұмыс жасай алмайды), мұны ол үшін анасы ретінде менің жасай алатынымды оқыған едім. Менен талап-арызды алмауы заңды ма? 30 қаңтар 2014, 00:00 2 181 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолаушыларға лайықты қызмет қажет – Мен күн сайын №14 маршрутпен жүремін. Кондукторлардың жолаушыларға жолақы билеттерін бермейтіндігіне наразымын. Жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты автобус жүргізушілері қозғалыс кезінде автобустарды пайдалану ережесін бұзып, үнемі ұялы телефондармен сөйлеседі. Қозғалыс кезінде жүргізушілердің темекі тартатын жағдайлары да жиі кездеседі. Кондукторлар аялдаманы жарияламайды. Әсіресе, №14 маршрут жүргізушісінің (автобустың мемлекеттік нөмірі 539 АА) Авангардтан бастап жол бойына музыканың даусын қатты шығарып, тыңдағанына зығырданым қайнады. Автобус ішінде кәмелетке толмағандар, егде адамдар бар. Жүргізуші де, кондуктор да ескертуді құлақтарына ілмейді. Тасымалдаушы компания әкімшілігі, қалалық әкімдік қайда қарап отыр? 16 қаңтар 2014, 00:00 2 419 рет қаралды