Атырау, 17 қаңтар 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Сұраныс бойынша анықтама

2 433 рет қаралды

- Бірнеше жыл бұрын менің көршім алимент алуға арыз берген кезде сот барысында одан балаларының денсаулығы жайлы анықтама талап етіпті. Бұл талап әлі күшінде ме?

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

- Алимент өндіру бойынша арызға қосымша ретінде балалардың денсаулығы туралы анықтаманы міндетті талап ету заңмен қатаң реттелмеген. Бұл сот бұйрығын шығарар кезде осы балалардың дені сау ма немесе тірі ме – соған көз жеткізу қажеттілігінен туған, себебі, сот сот қаулысын тараптарды сот отырысына шақырмай-ақ арыз бергеннен кейін үш күн ішінде шығарады. Қазіргі кезде де бұл талап қатаң орындалуға жатпайды, соттар сот қаулысын бұл анықтаманың бар-жоғына қарамай шығара береді. 

12 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.