Атырау, 26 желтоқсан 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Әкесінің қызы

2 988 просмотра

– Әкем қайтыс болғаннан кейін тұрғын үй мұраға қалды. Біз онда анамыз екеуміз тұрамыз, басқа мұрагерлер жоқ. Ресми түрде олар үйленбеген, алайда өмір бойы бірге өмір сүрді. Тіпті менің туу туралы куәлігімде де әкемнің аты көрсетілмеген. Мен мұраны өз атыма ресімдеу үшін нотариалдық кеңсеге жүгінген кезде, нотариус заң бойынша мұраға құқылы куәлікті беруден бас тартты. Нотариус маған әке-шешімнің туыстық қарым-қатынас фактісін анықтау туралы шағыммен сотқа жүгіну керектігімді түсіндірді. Нотариустың айтуы дұрыс па?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Бибігүл ТАУПИХОВА жауап берді:

– Егер туу туралы куәлікте әкесі көрсетілмесе және туу туралы актілік жазбада «әкесі» деген бағанда ешқандай мәлімет көрсетілмесе, онда сізге шынымен де әкелікті тану фактісін анықтау туралы арызбен жүгінген жөн. Сізге тиісті дәлелдер жинау керек. Әкелікті танудың дәлелі ретінде жазылған хаттарды, чектерді, түбіртектерді, ПИК анықтамасын, әкеңіздің кез келген жазбаша мәлімдемесін, жеке істердегі, өмірбаянындағы жазбаларды, сіздің әкеңіз сізді өз балам деп есептегені және оны төңірегіндегілерден жасырмағаны, сізді қамқорлағаны туралы әңгімелей алатын көрші куәгерлердің, туыстардың, достардың, қызметтестердің жауаптарын пайдалануға болады.

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.