- Жақында сот орындаушысынан Алматы қаласының «Еуразия-Фемида» аралық сотының менен «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС пайдасына несиелік қарызды өндіріп алу туралы сырттай шешім шығарғанын білдім. Аралық сот өз шешімінде сот отырысы болатын уақыт пен орын туралы мені хабардар еттік деп көрсеткен. Ал, шындығында, мен аралық соттан да, өндіріп алушы - «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі бюро» ЖШС-тен де ешқандай шақыру қағазын алғаным жоқ. Мен сот белгілеген сомамен де келіспеймін, сондықтан да бұл шешімге шағымданғым келеді. Мұны қандай сот арқылы жасай аламын?
Телефон арқылы
Сауалға адвокат Бибігүл ТАУПИХОВА жауап береді:
- ҚР «Аралық сот туралы» заңының 27-бабы 3-тармағында тараптарға аралық сот отырысы болатын уақыт пен орын туралы алдын ала және тиісінше хабар берілуі тиіс деп жазылған. Сізді тиісінше хабарландырмағандықтан, сіз ҚР АҚК-нің 264-бабына сәйкес, шешім шығарған сотқа, яғни, «Еуразия-Фемида» аралық сотына шешімнің күшін жою туралы шағымдана аласыз. Аралық соттың шешімімен келіспеген жағдайда сіз Алматы қ., Нүсіпбеков көшесі, 34-үй мекенжайында (Тургенский көшесінің бұрышы, Жасыл базардың маңында) орналасқан Медеу аудандық сотына шағымдануыңызға болады. «Еуразия-Фемида» аралық сотының мекенжайы: Алматы қ., Нүсіпбеков көшесі, 32-үй, Тургенский көшесінің бұрышы. Байланыс телефондары: 8 (7273) 28-76-18.