- Менің ұлымның алимент бойынша міндеттемесі бар (бірінші некеден 9 жасар ұлы бар). Қазір ол екінші рет үйленді, баласы бар (1,5 жаста). Бір кездері ол алматылық компанияның Атыраудағы филиалында жұмыс жасаған. Жалақы есептеу бас кеңседе жүргізілетін. Сол кезде жалақыдан 25 пайыз емес, ең кем дегенде 50 пайыз ұсталып отырды. Оның да, басқа жұмысшылардың да қолдарына жалақы туралы түбіртектер берген жоқ (есептелген ақша мен ұсталған ақша туралы). Ұлым бұрын жұмыс жасамаған кезде жиналып қалған алимент бойынша қарыз бен алимент төлемдерін сол жалақысынан ұстайды деп ойлап жүрді. Жақында ол бұрынғы жұмысынан шығып, басқа жұмысқа орналасты. Ол жерде бірінші жалақысынан 25 пайыз ұстаған, ал екінші айдан бастап одан көбірек ұстады. Енді ол не істеуі керек, қайда баруға болады? Ол бұрынғы жұмыс орнына барып, жалақы бойынша мәліметтерді алғысы келеді, бірақ олар бермейді ме деп қорқады. Бұрынғы жұмыс ұсынушы мұндай мәліметтерді беруге міндетті ме? Екінші сұрағым – алимент жалақыдан өткен жылдардағы алимент бойынша қарыздармен бірге ұсталады деген тәртіп бар ма? Егер болса, қандай мөлшерде (мәселен, жалақының 50 пайыздан аспайтын бөлігі немесе т.б.). Және үшіншісі, енді ол не істей алады, өз құқығы мен жалақысын қалай қорғауға болады?
azh.kz сайтынан
Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:
- Міндетті алименттерді өндіру төлеушінің жалақысынан немесе өзге де табысынан жүргізіледі. Алиментті өндіру процедурасы бойынша сот орындаушысы орындаушылық қағазды немесе сот бұйрығын алимент төлеуші жұмыс жасайтын жұмыс берушіге жібереді. ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 165 бабына сәйкес, алимент төлеуге міндетті тұлға жұмыс жасайтын мекеменің лауазымды тұлғасы орындаушылық құжат негізінде оның айлық жалақысынан немесе өзге де табысынан ай сайын алиментті алимент алушы тұлғаның пайдасына ұстап қалуға және төлеуге немесе алимент төлеуге міндетті тұлғаның есепшотынан жалақы немесе өзге де табыс төленгеннен кейінгі 3 күн ішінде аударуға міндетті. Әдетте мұндай қызмет кәсіпорынның есеп бөліміне (есепшіге) жүктеледі.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 102 бабына сәйкес сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және өзге де табыс көзінен қарыздың дұрыс және уақытында ұсталғанына және ұсталған соманың қарыз алушыға жетуіне жүйелі бақылау жүргізуі керек: тоқсанына бір рет; өндіріп алушының (заңды өкілінің) арызы бойынша кез келген уақытта. Бұл ереже борышкерге де қатысты. Осылайша, егер алимент алушының немесе борышкердің алиментті ұстау немесе уақытында аудару бойынша сұрақтары немесе күдіктері немесе талаптары болса, сот орындаушысы жазбаша арыз бойынша тексеру жүргізуге міндетті.
Егер азамат оның бұрынғы жұмысында оның арызы бойынша жалақы бойынша мәліметтерді бермейді деп ойласа, онда оған жазбаша арызбен қазіргі уақытта одан алимент өндіру бойынша сот актісі өндірісте жатқан мемлекеттік сот орындаушысына бару керек. Арызда өзінің шағымын егжей-тегжей түсіндіру қажет.
Жалақыдан ұсталған алимент мөлшерін анықтау үшін сот орындаушысының өзі оның бұрынғы жұмысындағы есеп бөліміне сұраныс жібереді. Онымен қатар сот орындаушысы борышкердің жұмыссыз жүрген кезіндегі алимент бойынша қарызын есептеп шығарады. Қарапайым тексеру бойынша оның бұрынғы жұмыс орнындағы жалақысынан ұсталған алименттің дұрыстығына көз жеткізуге болады.
Егер бұл жағдай жаңа жұмыс орнында да қайталанса, онда сот орындаушысы оның арызы бойынша қазіргі кездегі борышы туралы қаулы шығаруға міндетті. Егер қарыз әлі күнге дейін өтелмеген болса, онда оның жалақысынан 25 пайыздан артық ұсталуы негізді (бірақ 50 пайыздан артық емес). Егер қарыз төленген болса, онда оның жалақысынан тек 25 пайыз ұстауы тиіс.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 95-бабы 1 тармағы бойынша бір немесе бірнеше атқару құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан немесе табысының өзге де түрлерінен төлем өндіріліп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде 50 пайызы сақталуға тиіс.
ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 169 бабы 1 бөліміне сәйкес алимент өндіріп алу алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының 169 бабы 2 тармағына сәйкес егер алиментті ұстау атқару құжатының негізінде немесе нотариатта куәландырылған келісімнің негізінде алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және күтіп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
Сот орындаушысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның кез келген әрекетін борышкер заңға қарсы әрекет деп санаса, ол сот актілерін орындау бойынша өңірлік департаменттерге, прокуратураға шағымдана алады.