Атырау, 4 маусым 11:52
 дождьВ Атырау +21.6
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

​Франция прокуратурасы Саркозиге 7 жыл түрме жазасын сұрады

287 рет қаралды

Парижде «ливиялық іс» бойынша өтіп жатқан сот процесінде Франция прокуратурасы бұрынғы президент Николя Саркозиге 7 жыл бас бостандығынан айыруды, 300 мың еуро айыппұл салуды және 5 жыл бойы саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды талап етті. Бұл туралы АА хабарлады.

Прокурор Родольф Жюй-Бирманн Саркозиді «коррупцияға, қылмыстық ұйым құруға және сайлауалды кампанияны заңсыз қаржыландыруға» қатысы бар деп айыптап, оның әрекеттерінің ауырлығына сай жаза қолданылуы тиіс екенін айтты.

Саркозидің серіктестері Клод Геанға — 6 жыл, Бриса Ортефеге — 4 жыл шартты жаза сұралды.

14 мамыр, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.