
14 мамыр түні Ресей Украинаға қарсы ең ірі әуе шабуылдарының бірін жасады, деп хабарлайды Евронью́. Украина Қарулы күштерінің дерегінше, барлығы 731 құрал қолданылған:
- 3 гипердыбыстық «Кинжал» ракетасы,
- 18 «Искандер-М» баллистикалық ракетасы,
- 35 Х-101 қанатты ракетасы,
- 675 соққы дроны.
Украинаның әуе қорғанысы 41 ракетаны және 652 дронды атып түсіргенімен, 15 ракета мен 23 дрон нысаналарға жетіп, ел бойынша 24 объектіге тікелей соққы жасалды.
Киев:
- Дарница ауданында тұрғын үйдің бір бөлігі қирап, адамдар үйінді астында қалды. Құтқарушылар үш бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады.
- 28 адам эвакуацияланды, кемінде 40 адам жарақат алды, оның ішінде бір бала бар.
- Қалада 20-дан астам нысан — тұрғын үйлер, мектеп, ветеринарлық клиника және басқа да азаматтық инфрақұрылым зақымданды.
Мэр Виталий Кличко Днепров ауданында дрон сынықтары бес қабатты үйдің шатырында өрт шығарғанын, ал Оболон ауданында 12 қабатты үйге түскен сынықтар да өртке себеп болғанын хабарлады.
Президент Владимир Зеленский халықаралық серіктестерді үнсіз қалмауға шақырып, Украинаға баллистикалық ракеталардан қорғану үшін PURL бағдарламасы қажет екенін айтты. Ол сондай-ақ Кременчугтегі энергетика нысандарына және Черноморскідегі порт пен тұрғын үйлерге де соққылар жасалғанын мәлімдеді.
Бұған дейінгі күні Ресей күндізгі уақытта 800-ден астам дрон қолданған шабуыл жасаған еді. Ол кезде кемінде алты адам қаза тапқан.
В Атырау +30.1