Атырау, 25 желтоқсан 12:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Сома қайтарылуы тиіс

3 364 просмотра

– Отбасымыз қазан айына белгіленген үйлену тойына әзірленуде. Сәуірде банкет залын жалға алу үшін аванс төлемін -150 мың теңгені төледік. Бірақ меймандар тізімін жасай бастаған кезде бізге үлкендеу зал керек екенін түсіндік. Нәтижесінде 2 айдан кейін, маусым айында басқа залды жалға алып, авансты кері алуды ұйғардық. Қолымызда кіріс ордерінің түбіртегі бар. Бірақ мейрамхана қожайыны авансты қайтармай отыр. Бізде мынадай сұрақ бар: мұндай жағдайда қандай сома қайтарылуы тиіс - 10%, 50% немесе белгілі бір мөлшері жоқ па? Кіріс ордерінің түбіртегі ақша төлегенімізге дәлел бола ала ма? Енді авансты қалай қайтара аламыз?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБИРОВА жауап берді:

– Егер банкет өткізу үшін мәміле сомасы 200 мыңнан астам теңгені құраса, ол Азаматтық кодекстің 152-бабының 1-тармағына (мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға жазбаша түрде жасалуға тиiс) сәйкес, жазбаша түрде ресімделуі керек.

Азаматтық кодекстің 153-бабының 1-тармағына сәйкес, жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.

Жоғарыдағы айтылғандарға сүйенсек, келісім жазбаша түрде жасалмағандықтан автоматты түрде жарамды деп танылмайды. Алайда тараптар арасында дау туындаған жағдайда бірде-бір тарап сотта қандай да болмасын куәгерлік айғақтарға сілтей алмайды. Клиенттің қолында кассалық кіріс ордерінің түбіртегі бар болғандықтан, мәміле жасау және банкет жасау үшін алдын ала берілген соманың төленгені туралы факт расталады. Яғни, бұл құжат мәміле жасаудың жазбаша дәлелі болып табылады. Тараптардың арасында келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда ұсталуы тиіс сома айтылған жазбаша келісімшарт болмағандықтан, орындаушы, яғни, мейрамхана қожайыны аванс сомасын толық көлемде қайтаруға міндетті. Бұл келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу үшін клиент орындаушыға жазбаша талап жазуы тиіс. Онда орындаушының ақша сомасын қайтаруға міндетті уақыты көрсетілуі керек. Бас тартқан немесе бұл жазбаша талапты елемеген жағдайда клиент сотқа ақшаны қайтару туралы талап-арызбен шығуға құқылы. Талап-арызға бүкіл аталмыш құжаттардың көшірмелері жалғанады.

 

Дайындаған

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 тамыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.