Атырау, 27 желтоқсан 14:55
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ереже бойынша ажырасу

2 525 просмотра

– Атырауда ажырасқаннан кейін өзімнің туған қалам – Қостанайға оралдым. Ажырасқан соң фамилиямды өзгертпей, бұрынғы күйеуімнің фамилиясын қалдырдым. Ажырасу туралы куәлікті алмаған едім. Біраз уақыт өткен соң екінші мәрте тұрмысқа шықтым. Сол кезде некені тіркеу кезінде ажырасу туралы куәлік қажет болды, ал ол менде жоқ еді. Біздің АХАЖ-дың қызметкерлері Атырау АХАЖ-ына сұраныс жасап, менің және бұрынғы жұбайым екеуміздің арамызда неке бұзылғандығы жөнінде актілік жазба бар екендігі туралы анықтаманы алды. Осы анықтаманың негізінде менің екінші күйеуіммен некем кедергісіз тіркелді. Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің фамилиясын алдым. Енді маған бірінші некемнің бұзылғандығы туралы куәлік қажет болып отыр. Бірақ мен қазір оны ала алмаймын, өйткені, менің фамилиям басқа. Не істеймін?

Телефон арқылы

Сұраққа  ҚР Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметіндегілер жауап берді:

– Некенің бұзылғандығы туралы акт жазбасына қарамастан азамат некені бұзуға негіз болған Атырау қалалық сотының шешімінің негізінде өзінің неке бұзылғандығы туралы куәлігін уақытында алмаған.

ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Бұйрығының 4-бөлімінің 37-тармағына сәйкес, бұрын тiркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған адамдар тіркеуші органға бұрынғы некенiң тоқтатылғандығын растайтын құжаттар: некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзғаны туралы куәлiктi, жұбайының қайтыс болғандығы жөнiнде куәлiктi не некенi жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiн ұсынуға тиiс. Екінші некесін тіркегенге дейін әйелге бұрынғы некесін бұзу туралы куәлікті алып, содан кейін ғана екінші некесін тіркеуі қажет еді. Енді бірінші некесінің бұзылғандығы туралы куәлікті алу үшін әйелге өзінің жеке бас куәлігін бірінші жұбайының фамилиясы бойынша ауыстыру керек. Некенің бұзылғандығы туралы сот шешімімен некені бұзу туралы куәлікті алуға өтініш береді. Немесе бұл мәселені сот арқылы шешеді.

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.