Атырау, 27 желтоқсан 01:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шартты мерзімнің шарттары

6 091 просмотра

– Менің досыма қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында шартты түрде соттау және зардап шегушілермен татуласу бойынша түбегейлі жаңалықтар бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВАкомментарий берді:

– Иә, жаңа Қылмыстық кодексте өзгерістер көп. Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтардан тұратын қылмыстық жауапты-лықтың екі бөлімді жүйесінің енгізілуі анағұрлым елеулі өзгеріс болып табылады. Қылмыстық теріс қылықтар үшін, сондай-ақ, жазаның жеңіл түрлері, ең алдымен, қоғамдық және түзету жұмыстары, бұдан басқа – төменгі ескіру мерзімі мен сотталғандығының болмауы қарастырылады.

Шартты түрде соттау туралы бапта енгізілетін өзгерістерге келер болсақ, егер бұрынғы ҚК-те сот жаза тағайындаған кезде жазаны шартты жаза түрінде: түзету жұмыстары, әскери қызмет пен бас бостандығынан айыру бойынша шектеулер түрінде қарай алатын болса, енді жаңа ҚК-те шартты соттау бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кезінде ғана қолданылады.  

Мұнда сотталушыға бір жылдан үш жылға дейін сынақ мерзімін шартты түрде белгілеуді қарастыратын ҚК-тің ескі редакциясынан айырмашылығы – жаңа ҚК-те шартты түрде соттауды тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгiлейдi.

Сонымен қатар, егер бұрын шартты соттау тек қауіпті және аса қауіпті қылмыстарды қайталап жасаған тұлғаларға қолданылмаса, жаңа Кодексте бұл тізім кеңейтілген – енді қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде, адамды аса ауыр қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.

Енді «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» бабы бойынша өзгерістерге келейік. Ескі ҚК-тен айырмашылығы, қазіргі кодексте қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады деп көрсетілген.

Бұдан басқа, ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы, жүкті әйелдерді, кішкентай балалары бар әйелдерді, кішкентай жастағы балаларын бір өзі тәрбиелеп жүрген ер адамдарды, 58 және одан жоғары жастағы әйелдерді, 63 және одан жоғары жастағы ер адамдарды, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Алайда осы баптың ережелері адам өліміне не екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, абайсызда қылмыстар жасаған (мәселен, кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша), сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

5 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.