Атырау, 27 желтоқсан 16:40
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Әйеліне де алимент төлейді

2 311 просмотра

– Ұлым 2013 жылдың сәуірінен бастап алимент төлеп келеді. Ол бұрынғы зайыбына алименттен бөлек тағы да басқа қаржы төлеуге тиіс пе?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Жақсылық БҮРКІТОВ жауап берді:

– Алименттер - балаларды асырау үшін берілетін төлемдер. Алимент төлеу - заңмен бекітілген ата-аналардың міндеті, ата-аналар некеде бар ма, азаматтық некеде ме немесе ажырасқан ба, ол маңызды емес. Жұбайы балалары кәмелеттік жасқа толғанша оларды асырау үшін алимент төлеуге міндетті. Әр балаға төлем мөлшері сот шешіміне байланысты белгіленеді. Алайда, алимент екінші зайыбын, әдетте, бала-ларының анасын асырау үшін де төленуі мүмкін. Бірақ бұл егер ол өте ауыр халде болса, егер осындай арызбен сотқа шағымданған болса, мүмкін болады.

29 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.