Атырау, 24 желтоқсан 23:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Құжаттарыңызды көрсетіңіз! Қоғам

Құжаттарыңызды көрсетіңіз!

Балалар үйінде тәрбиеленген 17 жастағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тумасы Алмас ПУЛАТ он айдан бері жеке куәлігін, Жаңаөзендегі өзіне тиесілі пәтер құжаттары мен мектеп құжаттарына қол жеткізе алмай келеді. Олар қазір кезінде баланы қамқорлығына алған Атырауда тұратын нағашы апасының қолында, ал ол құжаттарды қайтармай отыр. 1 мамыр 2014, 00:00 2 179 рет қаралды
Талантты достар Қоғам

Талантты достар

Қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушылары Нұрберген СҮЙІНҒАЛИЕВ (суретте оң жақта) пен Әнуар ЖОЛДАСОВТЫ (суретте сол жақта) тума талантар деп айтуға болады. Алғашқысының ерекше тембрлі, таза, әдемі даусы болса, екіншісі – бармағынан бал тамған суретші. Олар жақында лицей оқытушылары мен оқушылары алдында өз таланттарын паш етті. 24 сәуір 2014, 00:00 6 407 рет қаралды
Ғасыр жасаған қария Қоғам

Ғасыр жасаған қария

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, еліміздегі өмір сүру ұзақтығы, орташа алғанда, 69 жас екен. Бүгінде жүз жасаған көзі тірі қариялар кемде-кем. Сондай жандардың бірі Атырауда тұрып жатыр. Ол – жақында 100 жас мерейтойын тойлаған қария Рахым БАЙӨМІРҰЛЫ. 17 сәуір 2014, 00:00 6 760 рет қаралды
Юнның жазирасы Қоғам

Юнның жазирасы

Махамбет ауданындағы «Феликс» ШҚ өткен жылдың ең үздік шаруа қожалығы болып танылды. Өткен жылдың жазында Атырау облысына келген ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ «Феликстің» егіс алқабын «шөл даладағы жазираға» теңеген еді. 23 қаңтар 2014, 00:00 3 122 рет қаралды
Бала бақыты фабрикасы Қоғам

Бала бақыты фабрикасы

Сағыныш ҮБІҒАЛИЕВА 13 жасында ата-аналы болды. Интернаттағы көптеген балалар бұл жаста отбасы туралы армандауды қойып, тағдырларында болар өзгерістер жөнінде де ойлағылары келмейді. Ал Сағыныш олай емес. «Мен бақыттымын», - деп сыбырлай ғана мойындаған қыздың бота көздері жасқа толды. «Біз бақыттымыз», - деп қызын түзеткен анасы Қапиза МЕКЕБАЕВА оны кеудесіне қысты. 9 қаңтар 2014, 00:00 3 462 рет қаралды
Ойыншыққа айналған табыт Қоғам

Ойыншыққа айналған табыт

Жаңа жыл қарсаңында Атырау дүкендерінде кей кездері нағыз кептелістер орын алады: әр адам мейрамға туыстарына не сыйласам екен, балаларды қалай таң қалдыра аламын деп ойланып, сыйлық іздестіріп, сеңдей соғылысып жүреді. Сіз ойланып жүргенде балалар дүкенінің сөрелерінде қуыршақтарға арналған ойыншық табыттар пайда болды. Бағасы шынайы түрінен кем түспейді. 26 желтоқсан 2013, 00:00 8 593 рет қаралды
Жаңа жыл шыршасы: Қайда, қалай және қаншадан Қоғам

Жаңа жыл шыршасы: Қайда, қалай және қаншадан

Атырауда мекемелер үшін жаңажылдық шыршалар 8 желтоқсанда басталып кетті. Қалың жұртшылық үшін қойылымдар 18 желтоқсанда басталды, ол 10 қаңтарға дейін жалғасатын болады. Балаларына бір сағаттарын бөліп, олармен бірге балалар әлеміне ену үшін ата-аналардың үш апта уақыттары қалды. 19 желтоқсан 2013, 00:00 14 091 рет қаралды
О, алақай, Аяз атай! Қоғам

О, алақай, Аяз атай!

«Ақ Жайықтың» дәстүрлі жаңажылдық акциясы Сағат 12-ні соғып, Жаңа 2014 жыл басталғанда, бұл балалар қалың ұйқы құшағында жатады. Бұл мекемелердің режимдері мүлтіксіз орындалады. Өкінішке орай, бұл мейрамды олар өз туыстарының арасында қарсы алмайды. Олардан ешкім де білдірмей ең құпия тілектерін сұрамайды. Сондықтан Аяз Атаның елшілері ретінде қалам мен қойындәптерімді алып, С. Қазыбаев атындағы №1 интернаттағы ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға, сонымен қатар есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына (2 жетім сәби) жол тарттым. 6 желтоқсан 2013, 22:19 11 668 рет қаралды
Хэллоуин және басқа да мәселелер Қоғам

Хэллоуин және басқа да мәселелер

1 қарашада Жасөспірімдер үйінде Хэллоуин мерекесі тойланды. Біздің жастарымызға өзге елдің мерекелерін тойлаудың қажеті қанша, Наурыз болса бір сәрі дейтін адамдар табылып қалар. Алайда Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері және жалпы жастар үшін кез-келген мереке – ең алдымен бас қосып, шүйіркелесіп, өздерін көрсете білу. 7 қараша 2013, 00:00 5 709 рет қаралды
«Аяз Атаға» көмекшілер керек Қоғам

«Аяз Атаға» көмекшілер керек

Өткен демалыс күндері Атырауда «Аяз Ата» жобасы іске қосылды. «ААА» еріктілері мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бастамасын көтерді. Алайда оған ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. 6 қараша 2013, 17:17 2 767 рет қаралды
Ауладағы құс фермасы Қоғам

Ауладағы құс фермасы

Жеке кәсіпкер Райхан БАЙТУРИЕВА (суретте) құс өсірумен жеті жылдан бері айналысып келеді. Ол қаладағы үйлерінің аядай ғана ауласында тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық ұстайды. Енді кәсібін кеңейту үшін Сарыөзек ауылынан құс фермасын ашуды көздеп отыр. 24 қазан 2013, 00:00 8 711 рет қаралды
Ұлттың адасуы өзін-өзі тануының төмендігінде Қоғам

Ұлттың адасуы өзін-өзі тануының төмендігінде

Елімізде діни жат ағымдармен күрес жұмыстары қарқынды жүруде. Осы шаралар шеңберінде облыстық дін істері агенттігі басқармасының шақыртуымен Атырау қаласына келіп-кеткен Қарағанды облысының ақпараттық-насихат тобының мүшесі, дінтанушы маман Рүстем СЫЗДЫҚОВПЕН (суретте) болған әңгімемізді ұсынамыз.  17 қазан 2013, 00:00 4 714 рет қаралды
Асық ату, ләңгі тебу - шынығудың  бір түрі Қоғам

Асық ату, ләңгі тебу - шынығудың бір түрі

Мақат кентінде аудандық білім беру бөлімі жеке кәсіпкер Ержан СЕРІКБАЕВТЫҢ демеушілігімен ұйымдастырған Байбақты батырдың 190 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Жарыс көрігін қыздыруға 7 мен 15 жас аралығындағы 30-ға жуық ер бала қатысты.  17 қазан 2013, 00:00 18 996 рет қаралды
Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан Қоғам

Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан

Келер жылы Балықшы поселкесінде Сары молда атындағы мешіт салыну жоспарлануда. Қазіргі кезде мешіт құрылысының эскиздік жобасы мен эксперттік қорытындысы дайын. Мешіт 2 қатарлы, 350 орынға арналған. 10 қазан 2013, 00:00 18 342 рет қаралды
Корей халқы Чусокты қалай тойлады Қоғам

Корей халқы Чусокты қалай тойлады

Жақында Атыраудағы корей диаспорасы өздерінің ұлттық мерекесі Чусокты тойлады. Бұл - ежелден келе жатқан отбасылық мереке. Онда адамдар жақсы егін орағы үшін ата-бабаларына тағзым етеді. Чусок – кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам. Бір айта кетер жайт, «Тхоньил» атыраулық корейлердің этно-мәдени орталығы бұл күнді бірінші рет осылай дүбірлетіп тойлап отыр. 3 қазан 2013, 00:00 10 127 рет қаралды
Ғаламтор асырап алушыларға көмекке келді Қоғам

Ғаламтор асырап алушыларға көмекке келді

«Қазақстан жетімдерсіз» жобасының аясында жетім балалар туралы мәліметтер сақталған онлайн-банк орналасқан www.usynovite.kz порталы қызмет көрсете бастады. Бүгінде сайттың арқасында 100-ден астам бала отбасын тапты. 27 қыркүйек 2013, 11:07 2 725 рет қаралды
«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық» Қоғам

«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық»

Соңғы кездері медициналық қызмет көрсету жүйесі тұрақты өзгерістерге ұшырауда. Мұның бәрі бірдей пациенттерге қолайлы бола бермейді. Стационарға тек портал бойынша, ал емханадағы белгілі бір маманға алдын ала жазылу бойынша ғана қабылданады. Бұрын үнемі дәрігерлерге жүгінетін жағдайлар туындай қалса, бүгінде медиктер шыдамдылық танытып, күтуге кеңес береді. Әсіресе, әйелдерге қатысты жаңа тәсілдер көп: оларды гинекологиялық креслодан шарға отырғызды, олардың нашар болса да, зарарсыздандырылған іш көйлектерін тартып алды, емшектегі баланың кіндігіне күтім жасауға және оларға су беруге тыйым салды. Жаппай зарарсыздандыруға үйренген және үнемі медициналық көмек алатын кеңестік принциппен өскен біздің әйелдер психологиялық тұрғыда медицинаның батыстық стандарттарының енгізілуіне дайын болмай шықты. Тіпті бесінші баласын дүниеге әкелген ана үйреншікті әдетімен учаскелік педиатр үйге келіп қалар деп күтуін қоймайды. Онсыз қалай болмақ? Енді учаскелік дәрігер айына тек бір рет қана келумен шектелуі мүмкін... Осы мәселелер туралы біз облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАМЕН (суретте) сұхбаттасқан едік. 26 қыркүйек 2013, 00:00 10 292 рет қаралды