Атырау, 23 қараша 12:22
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Талантты достар

5 576 просмотра

Қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушылары Нұрберген СҮЙІНҒАЛИЕВ (суретте оң жақта) пен Әнуар ЖОЛДАСОВТЫ (суретте сол жақта) тума талантар деп айтуға болады. Алғашқысының ерекше тембрлі, таза, әдемі даусы болса, екіншісі – бармағынан бал тамған суретші. Олар жақында лицей оқытушылары мен оқушылары алдында өз таланттарын паш етті.

Нұрберген бірнеше жылдан бері қаламызға белгілі, Любовь ИВАНОВА басшылық ететін «Фантазия» тобында дәріс алды. Ал, Әнуардың ешқашан ұстазы болған емес, ол өз шеберлігін жастайынан өзі дамытып келе жатыр. Қарапайым қарындашпен салады. Суреттері, әрине, ақ пен қара түсті, бірақ суретшінің шеберлігі көрініп-ақ тұр.

- Мен тек ашу, қуаныш, қайғы, бақыт сияқты белгілі бір сезімге бөленгенде ғана сурет саламын... Мына жылқыларды жаным қиналған, басқаша айтқанда, күйзелісте жүрген кезімде, қыста салдым. Жылқылар мен үшін бостандықтың, тазалықтың, жүйріктіктің символы... Қарындаштың көмегімен өз көңіл-күйімді ақ қағаздың бетіне түсіргенде жеңілдеп қаламын. Суреттер де жақсы шығады деп ойлаймын.

Әнуар жас балалар сияқты әдемі қыздарды, мәселен, әнші Деми Ловатоны, «Call of duty» компьютерлік ойынындағы графикалық суреттерді, өзі пір тұтатын әртісі кіші Роберт Дауниді салыпты. «Ол маған адам ретінде қатты ұнайды», - дейді лицей оқушысы.

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі ашынған қасқырлар, самурайлар соғысы, Дисней мультфильмдері кейіпкерлерінің суреттері... Яғни, тақырыптары мен идеялары әр түрлі, ең бастысы – орындалуы, көркем суреттік білімі болмаса да, шығармалары сапалы салынған.

- Жолдастарымыз бен мұғалімдеріміздің алдында өнер көрсетіп, басқаларға жақсы үлгі көрсеткіміз келді, - дейді достар.- Өз қабілетімізді дамыта беруіміз қажет, ұялмайық және бұл өмірді аз да болса жақсартуға өз үлесімізді қосайық.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.