Атырау, 23 қараша 13:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Максимнің төрт гранты

2 308 просмотра

Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Максим ХАГАЙ (суретте) Алматыда болған халықаралық Жәутіков олимпиадасында күміс медаль алды.

Математика, физика және информатика бойынша Жәутіков олимпиадасы 10 жылдан бері өткізіліп келеді және түрлі елдерден қатысушылар арасында ерекше білім сайысы болып табылады. Ол О. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық физика-математикалық орта мектеп-интернаттың базасына өткізіледі.

Биыл олимпиадаға 17 елден (Ресей, Украина, Белоруссия, Кавказ және Орта Азия елдері, Болгария, Үндістан және т.б.) 59 команда қатысты. Қазақстан өкілдері 7 алтын, 18 күміс және 25 қола медаль жинады.

11-сыныптың оқушысы Максим осы беделді олимпиадаға 9-сыныптан бастап дайындалғанын айтты. Міне, нәтижесі. Айта кетсек, ол бұған дейін де республикалық және еуразиялық олимпиадаларда жүлделі орындар алған. Осындай жетістіктерінің арқасында бүгін Максим отандық беделді 4 жоғары оқу орнының грантына ие болып отыр. Оған Қазақстан-Британ техникалық университеті, Назарбаев университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет және Халықаралық ІТ университеті шақырту жасаған, енді осылардың біреуін таңдау ғана қалды.

Қазақ-түрік лицейінің информатика пәнінің оқытушысы Эльбрус ПИРИЕВ оқушысының жетістіктері туралы әңгімелей келе, балаларын вундеркинд қылғысы келетін ата-аналарға кеңес бере кетті:

- Кейбір ата-аналар балаларының мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, түрлі пән олимпиадаларына, ғылыми сайыстарға қатысқанын жақсы көреді. Бұл бала үшін өте ауыр. Әр қоянның артынан қуа берген пайда бермейді, мақсаттарды алдын-ала анықтап алған жөн: не «Алтын белгі» алу, не өзі ұнатқан пәнді тереңдей зерделеп, сәйкесінше үздік жоғары оқу орындарына жол ашатын осы пәндер бойынша олимпиадаларда жетістікке жету.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.