Атырау, 23 қараша 13:54
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балалардың еміне қаржы жинады

2 251 просмотра

Өткен демалыс күндері қаладағы мейрамхана кешендерінің бірінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында шығармашылық фестиваль және жәрмеңке өткізілді: барлық жиналған қаржы атыраулық ауыр науқас балаларды емдеуге жіберілді. Бұл идеяның бастамашысы жақында құрылған Атырау қаласындағы Facebook қауымдастығы CFBA Charity деп аталатын топ болатын.

Шараға қатысушылар сөредегі қолдан жасалған түрлі бұйымдарды сатып алып, атыраулық суретшілердің суреттері (айта кетсек, суретшілер өз туындыларын еріктілерге тегін берген) қойылған сауда көрмесіне барып, аукционға қатыса алды. Қолөнерге қызығушы адамдар шеберлік сабақтардан өтіп, қызықты дүниелерді өз қолдарымен жасауды үйрену мүмкіндігіне ие болды. Көрермендерге мәдени шаралар да ұйымдастырылды: сахнада шығармашыл ұжымдар ән салып, би биледі.

Ұйымдастырушылардың бірі Алтай ҚҰСПАНОВТЫҢ айтуынша, бұл - екінші рет өткізіліп отырған акция. Бұл жолы қаражат балалардың церебралды салдануы дертіне шалдыққан төрт бала үшін жиналды.

- Біз негізінен басқа қалалардағы емдеу мекемесіне бару және тұру шығындарына ақша жинаймыз, яғни, мұқтаж адам мен олардың әлеуетті демеушілерінің арасын біріктіруші буын қызметін атқарамыз, - дейді Алтай.- Өткен жылғы акция өте сәтті өтті, ол кезде біз емдеуге алты баланы жібердік. Жұмысымызды осылайша жалғастыра береміз.

Айтпақшы, қайырымдылықпен айналысқысы келетіндерге: олардың бетшелерін, байланыс телефондары мен деректерін әлеуметтік желілерден оңай табуға болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.