Атырау, 5 қазан 11:08
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қуан, сәби!

4 516 просмотра

Атырау қалалық жүйке жүйесіауруымен ауыратын балаларға арналған мамандандырылғансәбилер үйінде «Қуан, сәби!»акциясы өтті.

Залда қаз-қатар тізілген кішкентай үстелдерге жайғасқан сәбилер күйсандықта ойнаған апайларына ілесіп жарыса ән салып жатты. Кейін олар ортаға шығып, дөңгеленіп би билеп, үлкендердің ыстық ықыласына бөленді. Осы шараға арнайы келген Қазақстан судьялар одағы Атырау облыстық филиалының ұжымы Сәбилер үйіне үлкен плазмалық теледидар мен кілем сыйға тартып, балаларға тәтті тағамдар мен жеміс-жидектер үлестірді. Қазақстан судьялар одағы Атырау филиалының төрағасы Базарғали ҚАДЫРҒАЛИЕВ судьялардың алдағы уақытта да Сәбилер үйіне көмегін аямайтынын жеткізді.

- Біздің негізгі мақсатымыз - жетімдердің санын азайту, бұл бағытта алға жылжу бар.  Биылғы бірінші жартыжылдықта 19 бала отбасылы болды, - деді облыстық балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ.

Осы кезде ортаға шыққан балалар тақпақтарын айтып, қолдарына гүл шоқтарын ұстап билеп жатса, кейбіреулері тәрбиеші апайларының қолдарына сұрана бастады. Ал Мирас болса, залда отырған қонақтарға үлкен гүл шоғын табыстап, қошеметке ие болды.

- Біздің мекемеде балалардың денсаулығын жақсарту үшін сенсорлық кабинет жасақталған, логопед, невропатолог, массаж жасаушы мамандар бар, - дейді сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлмира РЫСМАҒАМБЕТОВА. -Сонымен қатар «Үміт» тобы жұмыс жасайды. Бұл топты құрғандағы мақсат – сәбидің жетімдігінің алдын алу, анасынан айырмау. Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі, кейде студент қыздар жүкті болады, кейде қыздың ата-анасы қарсылық танытады, сондай аналарға баласын 3 жасқа дейін бағып-қағып, көмегімізді көрсетеміз. Олар кез келген уақытта ішке келіп, баласымен көрісіп, уақытын өткізе алады. Қазір осы топта 7 сәби бар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.